+1 дауыс
2.1k көрілді
Орман шаруашылығы деген жалпы не істейді? Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін қайда барып жұмыс істейді? Бұл мамандықтың болашағы қандай? Жұмыс табыла ма?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан орманды алқапта орналаспағанын ескерсек, біздің елде бұл мамандарға сұраныс жоқ шығар.

Грантқа қызығып түсіп қалдыңыз ғой дейм, мүмкіндік болса басқа мамандыққа ауысыңыз 1 семестрден кейін.

Болмаса, осыны бітіріп, қайта басқасына түсерсіз.

Ақылдасып көріңіз ата-анаңызбен.
0 дауыс

Қазіргі кезде Республикамызға ландшафттық сәулет объектілерін пайдалану және салу, саябақтар мен жасыл желектерді қайта құру, орманды күтіп-баптау кесулері туралы орман шаруашылық және орман орналастыру жұмыстарын бақылау, қорғаныш орман өсіруді жобалау бойынша жұмыстарды орындауды және ұйымдастыруды жасай алатын ландшафтты дизайнерлерге, көгалдандырушы мамандарға сұраныстар арта түсуде. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының ауыл шаруашылығы бакалавры орман шаруашылығы проблемаларын шешуде алдыңғы қатарлы ғылыми әдістерді және техникалық құралдарды қолданады. 

Кәсіби дағдылар 

Ауыл шаруашылығы бакалавры қала аумақтарын және елді мекендерді көгалдандыру, ландшафтты жобалау, сәндік өсімдіктерді өсіру, саябақтарды және жасыл желектерді қайта құру, орман ресурстарын қорғау және есепке алу бойынша дағдылары, орман пайдалану, орман көшетжайының жобаларын дайындау, қорғаныш және көгалдандыру орман алқаптары жұмыстарын орындау бойынша тәжірибелік дағдылар және терең теориялық білім алуына мүмкіндік береді. Мамандардың жұмысқа орналасу перспективалары – ғылыми зерттеу институттар, мемлекеттік және жекеменшік орман шаруашылығы мекемелері, орта кәсіби оқу орындарына; орманшы, орманшының көмекшісі, орман күзету және қорғау инженері, флорист, ландшафт дизайнері. 

Білім беру бағдарламасы 

«Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» және «Қорғаныш орман өсіру» бағыттары бойынша оқу бағдарламалары орман шаруашылығы ісі бойынша, орман ботаникасы, дендрология, орман тану, орманшылық, екпе орман, орман шаруашылығын құру, орман таксациясы, орман қорғау және т.б. курстармен негізделеді.

...