0 дауыс
617 көрілді
көрдім, үшеуі де өзімнің сағатым деп қоям, жөндеуге шеберлігі әкеліппін, сары түсті қол сағатыма батарейкасын ауыстырып беріңізші деп айттыппын. Бірақ жүріп тұрған сағаттын батареясын неге ауыстырып жатқанымды түсінбедім, екінші қол сағат жүрек пішінді қара сағат, оны түсі кетіп қалыпты бояп беріңізші деп айтыппын ал үшінші қол сағат домалақ дәу деп қоям, оны шебер тексеріп жатып бір әйелдің жолын көріпті дейм, шебер бұл сағатты қайтесіз ауырған адамның сағаты ғой деп айтып жатыр дейм. Не мағына береді екен

1 жауап

0 дауыс

Миллер түс жоруы бойынша

  • Түсінде сағатты көрген адам биржадағы ойындарда табысқа жетеді.
  • Түсінде сағатқа қарау – сіздің бар күшіңізді салған ісіңіз дұшпандарыңыздың кесірінен түкке де тұрмай қалатынын білдіреді.
  • Сағатты сындыру – қайғыны білдіреді.
  • Сағаттың əйнегін сындыру – жағымсыз ортадағы үстіртін əрекет жасайтыныңыздың хабаршысы.
  • Əйел адам түсінде сағатын жоғалтса, үйдегі келеңсіздіктер бақытсыздығының себебіне айналады.
  • Түсіңізде сағатты ұрлағаныңызды елестету – сіздің арыңызды қаралағысы келетін жауларыңыздың барын көрсетеді.
  • Біреуге сағат сыйлау- алдыңыздан қиындықтар шығатынын хабарлайды.
  • Сағаттың үнін есту – қапалы хабар алуыңыз ықтимал.

Фрейд түс жоруы бойынша- сағат

  • Қолда тұрған сағаттың тілін дұрыстау – атқарған қызметіңіз үшін сізді мадақтап, ақыңызды беретін болады, тек ақыңыз қаржылай түрде болмауы мүмкін екендігін ескеріңіз.
  • Мұнара сағат түсіңізге кірсе, көптен күткен маңызды жаңалық естисіз.

Ностарадамус түс жоруы бойынша- сағат

  • Ескі сағатты түсінде жан-жақты қараған адам ескі қателіктері үшін қатты өкінетін болады.
  • Қабырға сағатын көрсеңіз, өміріңізді түбегейлі өзгертетін кезеңнен өтесіз.
  • Қол сағатын түсіңізде көру – ойлаған затыңызды іске асыру үшін уақытыңыздың жетпейтінін көрсетеді.
  • Циферблаты жоқ сағатқа қарап уақытты білу – жаман белгі. Алда болатын жаңалық ерекше болмақ жəне сонысымен сіздің көңіліңізді түсіреді.
  • Түсіңізде сағаттың тықылын есту – жақындарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге зәру екендігінің белгісі. Оған тезірек көмек берсеңіз, жақсы болады.

Ванга түс жоруы бойынша- сағат

  • Түсіңізде ескі сағатты көрсеңіз, өткеніңізге бұрылып , өмірңізіді саралайтын уақыттың келгені: лайық өмір сүрдім бе, қандай əрекеттер жасадым жəне артымнан не қалдырдым деген сұрақтарға жауап іздеу қажет.
  • Қабырға сағаты түсіне енген адам өз өмірін мүлдем бағаламайды.
  • Қол сағатын көру – өміріңіздегі айтулы күнге аз уақыт қалғаны.
  • Сағаттың үнін есту- өміріңіз əлі біраз уақыт реттелмейтіні туралы хабар.
...