0 дауыс
1.7k көрілді
Осы жайлы толык білгім келеды себебі болашақта осы мамандық иесі болсам деймын

2 жауап

+2 дауыс

Білімді қолдану облысының қысқаша сипаттамасы

Қазіргі уақытта бухгалтер мамандығы – экономика мен қаржы саласындағы сұранысы жоғары кәсіптердің бірі. Есеп және аудит саласындағы бакалаврларды оқыту бухгалтерлік есеп пен есептілік аясындағы ақпараттардың қалыптасуының нақты қағидалары мен ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік аудитін жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған. 

Аталған мамандық  бойынша білім алу барысында студенттер қаржылық, басқару және салық есебін ұйымдастыру, қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілікті талдау мен оның аудиті облысындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерді игереді.

Мамандықтың артықшылықтары:

  • жұмысқа орналасудағы кең мүмкіншіліктер;
  • ақысы жоғары, тұрақты жұмыс орны;
  • мансап жолындағы жақсы мүмкіншіліктер.

Қазіргі уақытта бухгалтердің міндеттері өзгеріске ұшырап, ол шешуі тиісті міндеттер аясы да кеңеюде. Бухгалтер шаруашылық іс-әрекеттерін бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейтін техникалық санақшыдан ұйым экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететін тиімді есеп саясатын дайындайтын және жүзеге асыратын шығармашылық тұлғаға айналды.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

Аталған мамандық бойынша экономика және бизнес бакалаврлары ұйымдастыру-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар мен экономиканың  түрлі  салалары кәсіпорындарында шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, қаржылық есептілікті дайындау мен оны талдау дағдысын игерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын меңгерген білікті мамандар.

Еңбек нарығындағы мамандардың қандай да бір артықшылығына қарамастан, осы саладағы білікті мамандарға әрқашан да, барлық жерде сұраныс бар, себебі бірде бір ұйым тиянақты жолға қойылған бухгалтерлік есепсіз қалыпты әрекет ете алмайды. Коммерциялық және коммерциялық емес жаңа құрылымдардың тіркелуіне орай, бухгалтерлерге де сұраныс өсіп отырады. «Есеп және аудит» мамандығының түлектері қазақстандық және халықаралық компанияларда, ұлттық және жеке компанияларда, қаржы саласында бухгалтер, қаржылық кеңесші, қаржылық директор, аудитор, менеджер, қаржылық сарапшы қызметін атқара алады. Бухгалтерлік есептің қағидаларын жетік білу жеке бизнесті басқаруда да көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

Бағдарламаның негізін модульдік оқыту жүйесі құрайды. Мамандықтың модульдік білім бағдарламасы екі бағытты (білім бағдарламалары) қамтиды: 1. Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит. 2. Мемлекеттік сектордағы есеп және аудит.

Негізгі модульдер – тілдік және зерттеушілік модуль, әлеуметтік-құқықтық модуль, заманауи ақпараттық технологиялар модулі, базалық экономикалық модуль, басқарушылық модуль, кәсіптік модуль. Бағдарлама шеңберінде оқу курстары шеберлік кластарымен, топтық жобалармен және компаниялардағы дәрістермен қатар жүреді. Оқу үрдісінде нақты шаруашылық субъектілерінің деректері негізінде талдау мен аудитті жүргізу, қаржылық, салықтық, басқарушылық және басқа да есептіліктерді дайындау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тәжірибелік сабақтарға негізгі назар бөлінеді. 

Таңдау бейіндік пәндері: Математика және география

0 дауыс
Мен КазНу да 1курсты аяқтадым. Мамандығым Учет и Аудит. Біздің мамандыңымыздың ең жоғарғы баллы 137балл. Ең төмені 104балл. 94балл платныйлар оқиды. Мамандық жақсы,бірақ болашаққа деген корқыныш бар. Айлық төмен болуы мүнкін.
...