0 дауыс
28.0k көрілді
Енемнің өті мен асқазаны ауырып,тамаққа тәбеті болмай жүр. Бұндай жағдайда не істеуге болады? Қандай дәрі-дәрмектер мен шәйлар ішуге болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Үнемі қара шәй орнына көк немесе өт шәй ішуге болады.

Өт жолдарын тазалау – өттің қоюлануын болдырмау үшін, өт қабында тастардың түзілмеуі үшін қажет. Ол өт сұйықтығының жылжыуына әсер етіп, ағзаның бірқалыпты жағдайда ұстап тұруына әсер етеді. Қазіргі кезде дәрі дәрмектердің және халық емінің көмегімен өт жолын тазалауда  қолданылатын  көптеген әдістер бар, бірақ өт жолын тазалауда қолдануға болатын  және қолдануға болмайтын  қарсы көрсетілімдері бар екенін ескерген жөн.

Қандай жағдайда қолданған дұрыс?

   Негізгі көрсетілімдері: 

  •   Өт қабының дискинезиясы;
  •  Антибиотиктерді, сульфаниламид, жансыздантыратын препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда;
  • Дұрыс тамақтанбау кезінде;
  • Өт қабының қабынуы кезінде;
  • Ағзаның улануы кезінде;
  • -Бір орнында қимылсыз ұзақ отырған уақытта;
  • Гепатиттердің әр түрлі формаларында;
  • Билиарлы жүйенің қызметінің бұзылысы кезінде.

Өт жолдарын тазалау барыснда дәрігердің кеңесін алған жөн. Тазалаудан бұрын кейбір ауруларды емдеп , оның асқынуын алдын алуы қажет.

Диета

Бауыр қызметіне қысым түспеу үшін және метеоризм болмау үшін жеңіл тағамдарды пайдаланған жөн. Көбінесе кашаларды, сорпаларды, қаймақтарды жеген пайдалы. Алкогольден, майлы және қуырылған тамақтардан ада болыңыз.

Сонымен қатар дәстүрлі өт тазалаудың жолы өт айдайтын препараттар – Аллохол, Никодин қолданылады . Тағы да айтамыз, ең бірінші дәрігердің қабылдауынан өтіп барып, кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.

ПИЯЗ – БАУЫР МЕН ӨТ ЖОЛДАРЫНА ЕМ

Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.

ЖАЛБЫЗДЫҢ ПАЙДАСЫ

Жалбызды өт бөлінуінің бұзылыстарында, өттің және өт жолының қабынуында, сонымен қатар өттегі тас аурулары мен сары ауруда, ісінулерде, асқазан шаншуларында, асқорыту және жүйке жүйесінің жұмысындағы бұзылыстарында, ұйқысыздықта, бас сақинасында, невралгияда, жүйке тырысуында және етеккір кезеңінің бұзылыстарында қоладанады.
Оны қосымша ретінде салатта, кондитер өндірісінде, сусындар, арақтар мен ликерлар өндірісінде, сонымен қатар хош иістендірілген сірке суын, қуырылған етті және зельц дайындауда қолданады. Ұлыбританияда жалбызды тұздық көптеген тағамдарға қосылатын дәстүрлі қосымша болып табылады.

https://ikerim.kz/ajdan-bilejin/t-zholdaryn-alaj-tazalau-a-bolady/

0 дауыс
Пантокриновый өнімін ішсеңіз жақсы көмектеседі
...