0 дауыс
4.7k көрілді
Мен түсімде өзімнің ұзатылуымды көрдім.Ол ненің белгісі?

2 жауап

0 дауыс

Түсінде тұрмысқа шықса. Түсте неке той көрсе

Той көйлек. Неке көйлегі неге түсінде көресіз?

  • Түсіңізде үйлену той көйлегін көру- қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жаңа достарға ие болатыныңызды білдіреді.
  • Неке той көйлегінің былғанғанын көрсеңіз, ең жақын адамыңызбен арадағы қарым-қатынасты жоғалтасыз.

Түсінде той көрсеңіз

  • Өзіңізді түсіңізде тойда көру – жетістікке жетер жолда туындаған қиындықтардан оңай шығатыныңыздың белгісі.
  • Егер, жас қызға жасырын неке рәсімі көрінсе, бұл оның мінездемесі үшін қуанарлық жайт емес. Мүмкін, бұл түс оны өзін қолда ұстау, қүрықтау туралы ойларға əкелуі əбден ықтимал.
  • Ұйқыда ұсынысты қабылдаса, өзінен лауазымы жоғарылардың көзінде биіктеп, күтілетін уәделер жерде қалмайды.
  • Егер, ұйқысында ата-анасы оның некесін қолдамайды деп ойласа, бұл шынайы өмірде туыстар тарапынан некесі қолдау таппайтынын білдіреді.
  • Қалыңдыққа күйеу жігіттің ұйқыда басқаға үйленуі – бос қайғы мен негізсіз қорқыныштың нышаны.
  • Түсіңізде отбасылы болып қойсаңыздар – нашар белгі.
  • Жас келіншектің некесінде қаралы кісіні көресе, отбасылық өмірінің бақытсыз болатынын көрсетеді.
  • Бөтен үйлену тойдағы қаралы кісі – туысы немесе досының өміріне алаңдау. Бұл түс күтілетін қуаныштың орнын қайғы мен өкініш алмастыратынын білдіреді. Жоспарланған саяхат бұндай түстен кейін күтпеген жаңалықтан соң бұзылуы ықтимал.

Фрейд түс жоруы бойынша – түсінде той болса

  • Түсіңізде өзгенің ұзату тойын көру – жақсы жаңалыққа, олар сізге тікелей қатысты болмаса да, сізбен жанама байланысты болады.
  • Өз тойыңызды көру – жақын арада сізді тосын сый күтеді, сіз оған барынша түсіністікпен қарап, оның не мағына беретінін түсінуіңіз керек.

Ванга түс жоруы бойынша – түсінде той

  • Көрген ұзату той той – ескі достармен көңілді бас қосуды білдіреді. Мүмкін, сіз бұл кездесуде кейін өмірлік жарыңыз болатын адамды жолықтырасыз.
  • Түсіңізде өз тойыңызда болу – жақында қиын шешім қабылдау керектігінің нышаны. Бұл шешімге сіздің ары қарайғы өміріңіз тәуелді.
  • Ал, өз тойыңызда құрметті қонақ болсаңыз, жақын адамдардың бірі көп ұзамай сізден көмек сұрайтын болады. Оның бетін қақпаңыз, себебі көмегі ертең сізге де керек болады.

Қалыңдық түсінде болса

  • Əйел адам үшін түсінде өзін сүйіктісінің қалыңдық ретінде көру – жеке өмірде күтілетін өзгерістер туралы хабарлайды. Ұзақ жанжалдан кейін татуласудан əбден күдер үзген адамыңызбен қайта тіл табысуыңыз да мүмкін.
  • Егер, сіз (əйел адамға қатысты) түсіңізде қызыңызды қалыңдық кейпінде көрсеңіз, шынайы өмірде екеуіңізді салыстырып отырасыз жəне одан артта қалғаныңызды түсінесіз.
  • Əкесі түсінде қызын қалыңдық көйлегінде көрсе, жақын арада рахаттанып, масаттанып өткізетін қуанышты серуенге шығады.
0 дауыс
Ұзатылуды көп ойлағансыз.Содан болуы мүмкін.Интернеттегі түс жоруға сене берудің қажеті жоқ.
...