Түсінде тұрмысқа шықса. Түсте неке той көрсе
Той көйлек. Неке көйлегі неге түсінде көресіз?
- Түсіңізде үйлену той көйлегін көру- қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жаңа достарға ие болатыныңызды білдіреді.
- Неке той көйлегінің былғанғанын көрсеңіз, ең жақын адамыңызбен арадағы қарым-қатынасты жоғалтасыз.
Түсінде той көрсеңіз
- Өзіңізді түсіңізде тойда көру – жетістікке жетер жолда туындаған қиындықтардан оңай шығатыныңыздың белгісі.
- Егер, жас қызға жасырын неке рәсімі көрінсе, бұл оның мінездемесі үшін қуанарлық жайт емес. Мүмкін, бұл түс оны өзін қолда ұстау, қүрықтау туралы ойларға əкелуі əбден ықтимал.
- Ұйқыда ұсынысты қабылдаса, өзінен лауазымы жоғарылардың көзінде биіктеп, күтілетін уәделер жерде қалмайды.
- Егер, ұйқысында ата-анасы оның некесін қолдамайды деп ойласа, бұл шынайы өмірде туыстар тарапынан некесі қолдау таппайтынын білдіреді.
- Қалыңдыққа күйеу жігіттің ұйқыда басқаға үйленуі – бос қайғы мен негізсіз қорқыныштың нышаны.
- Түсіңізде отбасылы болып қойсаңыздар – нашар белгі.
- Жас келіншектің некесінде қаралы кісіні көресе, отбасылық өмірінің бақытсыз болатынын көрсетеді.
- Бөтен үйлену тойдағы қаралы кісі – туысы немесе досының өміріне алаңдау. Бұл түс күтілетін қуаныштың орнын қайғы мен өкініш алмастыратынын білдіреді. Жоспарланған саяхат бұндай түстен кейін күтпеген жаңалықтан соң бұзылуы ықтимал.
Фрейд түс жоруы бойынша – түсінде той болса
- Түсіңізде өзгенің ұзату тойын көру – жақсы жаңалыққа, олар сізге тікелей қатысты болмаса да, сізбен жанама байланысты болады.
- Өз тойыңызды көру – жақын арада сізді тосын сый күтеді, сіз оған барынша түсіністікпен қарап, оның не мағына беретінін түсінуіңіз керек.
Ванга түс жоруы бойынша – түсінде той
- Көрген ұзату той той – ескі достармен көңілді бас қосуды білдіреді. Мүмкін, сіз бұл кездесуде кейін өмірлік жарыңыз болатын адамды жолықтырасыз.
- Түсіңізде өз тойыңызда болу – жақында қиын шешім қабылдау керектігінің нышаны. Бұл шешімге сіздің ары қарайғы өміріңіз тәуелді.
- Ал, өз тойыңызда құрметті қонақ болсаңыз, жақын адамдардың бірі көп ұзамай сізден көмек сұрайтын болады. Оның бетін қақпаңыз, себебі көмегі ертең сізге де керек болады.
Қалыңдық түсінде болса
- Əйел адам үшін түсінде өзін сүйіктісінің қалыңдық ретінде көру – жеке өмірде күтілетін өзгерістер туралы хабарлайды. Ұзақ жанжалдан кейін татуласудан əбден күдер үзген адамыңызбен қайта тіл табысуыңыз да мүмкін.
- Егер, сіз (əйел адамға қатысты) түсіңізде қызыңызды қалыңдық кейпінде көрсеңіз, шынайы өмірде екеуіңізді салыстырып отырасыз жəне одан артта қалғаныңызды түсінесіз.
- Əкесі түсінде қызын қалыңдық көйлегінде көрсе, жақын арада рахаттанып, масаттанып өткізетін қуанышты серуенге шығады.