0 дауыс
42500-ге алуға сұраным жіберсек, есеп төленбеген деп отказ келді? Бірақ біз қаңтар айына пенсионный фондқа төлеген болатынбыз?
24.07.2020 512 қаралым

1 жауап

+2 дауыс

Сонымен, бұл жолы төлемді кімдер ала алады. Олар табысынан айырылған келесі санаттарға жататындар:

  • жалдамалы жұмыскерлер;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істейтін азаматтар, яғни фрилансерлер;
  • бейресми жұмыс істейтін азаматтар.

Төрт санат өкілдерінің өтініш беру ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.

Шілде айындағы карантин шектеулеріне байланысты ақысыз демалысқа шыққан жалдамалы жұмыскерлер үшін өтінішті тек жұмыс беруші береді. Олардың өздері өтініш беру қажет емес.

Жеке кәсіпкерлер мен фирлансерлер өтінішті өздері береді. Бұл ретте олардан зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер жасағаны туралы растау талап етілмейді. Олардың жұмысы тоқтағаны не тоқтамағанын "Атамекен" ҰКП тексереді.

Бейресми жұмыс істейтін азаматтар да өтінішті өздері береді және оларға бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасау міндеттелмейді. Олардың 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу құқығын (зейнетақы не жәрдемақы алмайтынын) министрлік өкілдері тексереді.

27.07.2020
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы