0 дауыс
335 көрілді
Түсімде бір үйде жүр екем. Сол үйде көп кемпір-шалдар отыр екен жиналып. Бір кезде арғы бөлмеден шал-кемпірлер шайтанды көріп, айқайлап қуып жатыр екен бірденелер оқып. Бір кезде ана шайтан ауада ұшып бұлдырлап тұр еді, бір кезде толықтай көзіме көрінді. Мен сол кезде Фатиха сүресін дауысымды шығарып қайта-қайта оқып жатыр екем. Сосын шайтан есіктен шығып кетті. Отырған шал кемпірлер маған рахмет айтып жатыр. Сосын оянып кеттім. Не болды екен??????

1 жауап

+1 дауыс

Жаман түс көргенде төрт нәрсе жасау қажет:

1) Шайтанның және көрген нәрсесінің жаманшылығынан Аллаға сыйынып дұға жасау керек;

2) Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф деп айту);

3) Жатқан жанбасынан ауысып екіншісімен жату;

  • Ешкімге айтпау.

 Түсті жорытуда өте сақ болу қажет. Хадисте:   «Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын». 

Ұқсас сұрақтар

...