0 дауыс
521 көрілді
Мен қазір колледж 3 курс студентімін.  Аяқтауға 1 ж 10 ай бар . Бірақ , мен оқып жүрген мамандық меніңкі емес екенін түсіндім.  Мұғалім не дәрігер болғым келеді.  3 курсты аяқтап, 4 курсты оқымай КТА тапсырсам болады ма ? Дәрігер болатын болсам , уақыт жоғалтамын колледж аяқтаймын дегенше?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мұндай жауапты шешім қабылдар алдында өзіңіз бірінші мынадай сұрақтарға іштей жауап беріп көріңізші:

1) Бұл колледж мамандығын қалай не мақсатпен таңдадыңыз?

2) Колледждегі өз мамандығыңыздан басқа қандай жағдайлар сізді қанағаттандырмайды?

3) Мамандықты ауыстыруға уақытша туындаған қиындықтан қашу ( оқытушымен не группадағы адамдармен кикілжің) себеп болып отырған жоқ па?

Осы сұрақтарға шынайы жауап тапқаннан кейін, мүғалімдіктің (педагог) не дәрігерліктің бір оқулығын алып кем дегенде 7 күн оқып қараңыз. Сол 7 күн ішінде ол тақырыптар сізді жалықтырмаса әрі колледждегі мамандықты тастап басқа оқу орнына кетуге жанама себептер әсер етпей , тек өзіңіздің қызығушылығыңыз  екекнін  шын сезінсеңіз тәуекел етіп мамандық ауыстыруға болады. 

Бұл шешімді ешкімнің осылай жаса деп жол сілтеуімен емес, өз қалауыңыздан анықтап шығуыңыз керек. Себебі, сіздің нақты қалауыңыз бен оның пайда болу себебін кейде сіз өзіңізде нақты білмеуіңіз мүмкін. Нақты мамандықтан ғана қаштым деп ойлап, басқа проблеманың желеуімен асығыс мамандықты ауыстырып жіберіп, одан да үлкен уайым мен өкінішке тап болмауыңызды да есепке алып шешім қабылдасаңыз дұрыс болады деп ойлаймын.

...