2014 жылғы 19 маусымда Қазақ Ұлттық медицина университетінде ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің қатысуымен медициналық кадрлар дайындау және халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелеріне арналған пресс-конференция өтеді. Сондай-ақ, медициналық ЖОО түсетін талапкерлерге арналған қосымша емтихан – психометриялық тестілеуді енгізудіңжобасыұсынылады.
Медициналық ЖОО түсу үшін арнайы іріктеу процедурасын енгізу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған. Және де 2013 жылғы желтоқсанда Премьер-Министрдің өкімімен Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудыңкадрлық ресурстарды дамыту бойынша 2013-2016 жылдарға арналғанкешенді іс-шаралар жоспары бекітілді, мұнда да медициналық оқу орындарына түсушілер үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, қосымша емтихан (кәсіби бейімділікті анықтауға арналған психометриялық тест) енгізу тапсырылған.
Бүгінде ҚР медициналық ЖОО үміткерлерді іріктеу ҰБТ нәтижелері бойынша жалпы негіздемелермен жүзеге асырылады. Аталған тәжірибе дайындығы жоқ, медициналық қызметкер үшін қажетті маңызды тұлғалық қасиеттері жоқ адамдардың медицинаға тап болуына алып келеді.
Ағымдағы жылы еліміздің медициналық ЖОО-да клиникалық мамандықтар бойынша 27 417 адам білім алып жатыр, оның ішінде 23 016 – грантта, 5257 – келісім бойынша.
Медициналық ЖОО білім алушылар контингентінің талдамасы алғашқы оқу жалдарында оқудан шығып кетудің жоғары пайызын (10-12%) көрсетіп отыр, негізгі себептері мамандық таңдауда қателесу болып табылады.
Медицинаға бейімділікті психосоматикалық тестілеу көптеген елдерде медицина факультеттеріне оқуға түсуге талапкерлерді, үміткерлерді іріктеу тәсілдерінің маңыздысының бірі болып табылады.
Медициналық оқу орындарында білім алуға кәсіби жарамдылықты қамтамасыз ететін талаптар кешенін келесілер айқындайды: оқуға жалпы дайындық, мінезінің ерекшеліктері, интеллектуалдық даму деңгейі, эмоциялық табандылық, денсаулығының және психикалық процестері дамуының дұрыс деңгейі, кәсіби маңызды қасиеттерінің қалыптасуы.
Психометриялықтестті пайдалану медицинаға деген мақсат пен қызығушылықты ғана емес, сондай-ақ кәсіби маңызы бар қасиеттерді, бейімділік пен қабілеттілікті де анықтауға мүмкіндік береді, яғни тек білім алуға ғана емес, әрі қарайғы еңбек қызметіне жарамды жастарды іріктеп алу болып табылады. Психометриялық тестілеу, сондай-ақ, логикалық дәлелдеуді, аналитикалық қабілеттерді, әлеуметтік бейімдікті және мінез-құлығын, мәселені жылдам шеше білуін, моральдық-этикалық қағидаларын бағалайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі психометриялық тестілеуді келесі негізгі кезеңдерде енгізуді жоспарлады:
1-кезең–медициналық оқу орнына түсетін талапкерлерді кәсіптік бейімділікке психометриялық тестілеу, дәрігерлік қызметке қабілеттерін анықтау үшін. Негізгі мақсаты – талапкердің мінездемелік қасиеттерін ескере отырып, медициналық қызметтің: клиникалық және клиникалық емес бағытын ұсыну.
2 — кезең –интернатурада (педиатрия, акушерия және гинекология, хирургия, т.б.) мамандық таңдау үшін әрі қарайғы кәсіби траекторияны анықтау мақсатын көздейтін психометриялық тестілеу.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚазҰМУ базасы негізінде «Жалпы медицина» мамандығының 500 1 курс студенттеріне тұңғыш жобаны енгізу жоспарланды.
Психометриялықтестілеудің компьютерлік бағдарламасы қолданылатын болады. Психометриялық тестілеудің мазмұны мен құрылымын талқылау үшін Жұмыс тобы құрылады: ЖОО оқытушылары ішінен: психологтар, базалық (психология негіздері, коммуникативтікдағды, медбике ісі) және клиникалық пәндердің (терапия, жалпы дәрігерлік тәжірибе, хирургия, акушерия және гинекология, педиатрия; жұмыс берушілерден: емдеу-профилактикалық мекемелердің бөлім меңгерушілері (хирург, терапевт, акушер-гинеколог, педиатр), АМСК дәрігерлері (жалпы тәжірибе дәрігері), емдеу-профилактикалық мекемесінің бас медбикесі; үкіметтік емес медициналық ұйымдардың өкілдері (ассоциациялар) оқытушылары.
Тұңғыш жоба нәтижесінде еліміздің барлық медициналық ЖОО-на таратылатын болады.
https://kaznmu.kz/ru/medicinaly-zhoo-t-setin-talapkerler/