0 дауыс
545 көрілді
Мен медицина колледжін бітіріп жатырмын, бірақ мен сырттай педагогика психология мамандығына тапсырғым келеді. Ол мүмкін бе? Егер мүмкін болса қалай тапсыра аламын?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
2018 жылдың 4 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, ол Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейтуді көздейді.

Заңға сәйкес Қазақстанда сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды. Сырттай оқып жүрген студенттер оқуын бітіру керек, мысалы, 2018 жылы сырттай оқуға түскендердің барлығы оқуын бітіріп кете алады.

Бұдан басқа, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталды. Тиісінше, жоғары оқу орындары бакалавриат бағдарламасын жеделдетілген режимде аяқтауды көздейтін оқыту нәтижелерін ескере отырып, икемді және интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу құнын реттейтін норма алынып тасталды, ол азаматтардың жоғары білім алуға қол жеткізуін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, білім беру бағдарламалары бойынша оқу төлемінің мөлшері мен білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын жоғары оқу орындары дербес бекітеді.

Сырттай оқуды тоқтату шаралары жоғары білім сапасын арттыруға бағытталған, өйткені ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша сырттай оқу нысанындағы студенттердің үлгерімі күндізгі оқу нысанындағы студенттерден төмен.

Альтернатива ретінде жоғары оқу орындары күндізгі оқу базасында қашықтықтан оқыту технологияларына көшеді және курстардың бір бөлігі кешкі және демалыс күндері өтетін икемді кесте бойынша салынып жатқан part time ("толық емес жұмыспен қамту") жүйесін пайдаланатын болады.
...