0 дауыс
339 көрілді
Мысалға колледжға түсетін болсақ онда емтихан тапсырасыз ба. Әлде ҰБТ нәтижесімен 67 балл мен аттестатпен түсуге бола ма?

1 жауап

0 дауыс

Орта топ мамандарын даярлауда қарастырылған, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасы бойынша оқуға түсушілерге арналған қабылдау емтихандары:

 - жалпы орта мектептің оқу бағдарламалары көлемінде  орта жалпы білімі барлар үшін үш пәннен  (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша берілетін пәннен).

- негізгі білімі барларға  - 2 пәннен  (қазақ немесе орыс тілі және орта негізгі білімінен профильдік пәннен) жүргізіледі.

- техникалық және кәсіптік, орта, жоғары білімі бар, мамандық бағытына сәйкес келмейтін білімі бар адамдарға, мамандықтың бағыты бойынша берілген пәннен емтихан өткізіледі.

Оқуға қабылдау емтихандары білім беретін оқу орнында қазақ немесе орыс тілдерінде, оқуға түсушінің берген өтінішіне сәйкес жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беретін мамандықтардың бағдары бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізімі осы ереженің қосымшасына сәйкес анықталады.

- Мамандықтарға сәйкес профильді пәндер орта жалпы білімі негізінде "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығына- физика; қалған  мамандықтардың барлығына  – математика;

Негізгі жалпы білімнің негізінде барлық мамандықтарға бағдарлы пән- математика.

Негізгі жалпы және орта жалпы білімі бар, азаматтарға оқуға түсу емтиханының түрі, 11 тармақта көрсетілген – тестілеу.

Толығырақ: http://pktik.kz/kz/abiturientu1/kolledzhge_kabyildau_erezheleri.html

...