0 дауыс
479 көрілді
69 баллмен қай мамандыққа  гранттар бар

2 жауап

–1 дауыс

Мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша бөлінген 1050 гранттың көпшілігін иеленген оңтүстік қазақстандық жастар солтүстік, шығыс және батыс өңірдегі оқу орындарына түсіп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының тұрғыны Мөлдір Мұратбайдың Қостанай қаласына барғанына үш күн болды. Ол биыл мектеп бітіргенде тапсырған ұлттық бірыңғай тестегі (ҰБТ) 72 балымен «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша грант иеленген. Мөлдір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша тегін оқуға түскен.

– Оқу грантын жеңіп алғаныма қатты қуанамын. Ата-анама еш жүк салмай, өз күшіммен оқуға түскенім қандай жақсы болды. Қостанайға алғаш келгенімде қорқыныш болды. Замандастарыммен танысып, үйренісе бастадым, – дейді ол.

Жатақханаға орналасқан Мөлдір бір жылдық жамбасақысы ретінде 25 мың 140 теңге төлеген. Оның сөзінше, «жатақханада студенттерге бар жағдай жасалған – жатын бөлме ықшам, арнайы кір жуатын, шомылатын бөлме де бар».

«ОСЫНДА ҚАЛ ДЕСЕ, ҚАЛАМЫН»

Солтүстік облыстардағы оқу орындарына түсіп, мұндай грантқа ие болған жастардың енді бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Үтіртөбе ауылындағы мектептің түлегі Мәдина Әкімханқызы. Ол 67 балмен Петропавлдегі (Солтүстік Қазақстан облысы) Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетке түскен.

– Дипломды осы оқу орнынан алу ниетім бар. Осында жұмыс ұсынса, ойланып көремін, – дейді қазір университеттің жатақханасына орналасып жатқан Мәдина Әкімханқызы.

Толығырақ: https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_students_from_south_kazakhstan_got_offers_from_north/26549379.html

+1 дауыс
Физика математика болса мүмкіндік көп қой.

Басқа пәндер болса қиындау, сондықтан серпін ыңғайлы.

Өткен жылғы грант иегерлерінің тізімін қарап талдау жасау керек, және де осы жылғы көп грант бөлінген мамандықтарды қарастырып көресіз.
...