0 дауыс
2.6k көрілді
Саламатсызба. Докторға тексеріліп едім.Қалқанша безіне. Йод жетіспейді дейді
Дәрілер жазып берді.

Витасон. Детримакс актив. ОЛИГО йод. Витамин Е
Осы дәрілерді алғаным дұрыспа
Әлде бсскаша қалай емделуге болады???????

1 жауап

0 дауыс

Қалқанша безінің ауруы – эндокриндік жүйе жұмысының бұзылуы салдарынан туындайтын ауру болып табылады. Бұл аурудың пайда болуына ең алдымен қалқанша безінен бөлінетін гормондар деңгейі әсер етеді.

Гипотиреоз

Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі гипотиреоз деп аталады. Бұл синдром өте көп кездеседі. Әсіресе, үлкен жастағы әйелдерде жиі байқалады. Аурудың пайда болу себептері әртүрлі. Қалқанша безінің суықтауы, тағамдағы иод мөлшерінің жеткіліксіздігі, қалқанша безінің жарақаты, гипофиз ауруы т.б. себеп болуы мүмкін.

Тиреотоксикоз

Ағзада қалқанша безінен бөлінетін гормондардың көбею құбылысын тиреотоксикоз деп атайды. Бұл жағдай зоб ауруы немесе қалқанша безі аурулары кезінде тиреоидты гормондарды немесе йодты көп мөлшерде пайдаланудан туындауы мүмкін.

Гипотиреоз кезеңінде ағзадағы барлық процестер баяу іске асады. Қарама-қарсы жағдайда керісінще, зат алмасу процесінің өтуі жылдамдайды және дене мүшелері күшпен жұмыс істеуіне тура келеді.

Қалқанша безі ауруына жеңіл қарауға болмайды. Өте мұқият болу керек. Өз бетінше қабылданған ем-дом түрлі асқынуларға соқтыруы мүмкін. Өмірге қауіп туғызатын жағдайлар да орын алуы ықтимал. Сондықтан көңіліңізде қалқанша безіне байланысты титтей күмән болса да дәрігерге қаралып, толық тексеруден өткеніңіз абзал.

Толығырақ: https://medkenes.kz/endo/al-ansha-bezi-auruy

...