0 дауыс
431 көрілді
Сәлеметсіз бе! Акемиз командировка кетип сол жерден аягы 2жерден сынып ондиристик жаракат алды. Акемиз туалетке барып келе жатканда устине 250кг дык шпал кулап кеткен?! Ол кандай ондиристик жаракатка жатады? Шешим бойынша 50% жумыс беруши кинали, 50% жумыс истеуши кинали деген шешим шығарылды?! Бул каншалыкты дурыс? 50 де 50 болған жағдайда отемакысы калай толенеди?

1 жауап

0 дауыс

Жұмыс орындағы алынған жарақат (өндірістік жарақат) алу немесе денсаулыққа зиян келтіру кезінде жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақы төлем үшін материалдық жауапкершілік көтереді. ҚР Еңбек кодексінің 133 бабына сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Еңбекке  қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.

Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды.

Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы:

1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған өндірістік жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;

2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;

3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;

4) жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық заттарды пайдалануы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;

5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін төленбейді.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/employment_relations/trud_otnosheniya

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
Ербол 23.12.2016 Заң сұрақ қойды
...