0 дауыс
1.9k көрілді

Қандай пәннен сабақтар болболболады КТЛ де тест тапсырарда

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан бойынша барлық қазақ-түрік лицейлерінде бір мезетте қабылдау емтиханы өткізіледі. Қазақ –түрік лицейлеріне 6 сынып бітірген оқушылар 7- сыныпқа қабылданады. Қабылдау емтиханы 2 кезең бойынша өткізіледі. І кезеңде тест арқылы балалардың білім деңгейі анықталады. Тест сұрақтары негізінен логикалық сұрақтар мен 6-сынып бағдарламасына негізделген математика пәнінендайындалған сұрақтардан құралады. Емтихан екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жоғары ұпай жинаған алғашқы 70-100 оқушы (бұл көрсеткіш лицейлердің қабылдайтын оқушы санына қарай өзгереді) 2-кезеңге шақырылады. ІІ кезеңге өткен оқушылар лицей қабырғасында бір апта бойы сабақ оқиды. Екінші кезеңнің мақсаты- балалардың тіл үйрену қабілеті мен жатақханада жатып оқуға бейімділігін тексеру. Апта соңында балалардың алған білімдері бойынша емтихан жасалады. Жоғары ұпай жинаған, дүниетанымдық білімі жоғары, жатақханада жатып оқуға бейім, зерек, білімге құштар, өзгелермен қарым-қатынас жасай алатын және көпшілік ортада өз-өзін ұстай алатын оқушылар лицейге қабылданады. Қабылдау туралы толық мағлуматтарды өз аймақтарыңыздағы қазақ-түрік лицей әкімшіліктеріне хабарласып, сұрай аласыздар.
Адрестерi төменде: http://oralktl.kz/kz/news/view?id=46 жәнеде тест сұрақтары интернетте болмайды, өз мектебiңде кiтапша болады, соны сатып аласың, сол арқылы дайындаласың!

...