+1 дауыс
16.5k көрілді
Тәкаппарлықты қалай түсінесіздер өзіңіз тәкаппар адамсыз ба?

3 жауап

+4 дауыс
Тәкаппарлық - өзін-өзі басқалардан жоғары ұстау, басқалардан артық білем деп, басқаларды менсінбеу деп түсінем...Тәкапарлық - мақтаншақтық, менменшілдік, қызғаншақтық.
"Аллаһ тәкаппарларды (өзін жоғары санағандарды) жақсы көрмейді" (НАХЫЛ сүресі 23 аят),
"Жер жүзінде тәкаппарланып (дандайсып) жүрме... Осы барлық жаман нәрселер, Раббыңның қасында жек көрілген" (ИСРА сүресі 37-38 аяттар),
"Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты (такаппарларды) жақсы көрмейді. Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы" (ЛҰҚМАН сүресі 18-19 аяттар) деген екен.
Құдай сақтасын! Мен өзім тәкәпар адам емеспін ... "Қайрымды бола отырып, тағы да қайрымдылыққа ұмтыл, тәкәпар  болма" деген ұстанымым бар!!!
сізбен толықтай келісемін!)
туууу. Қандай сөздер дешейші. Осындай жауапқа неге ''жақсы жауап ''-деген белгі қоймасқа. Өте жақсы жауап. Тәкаппарлық деген шын туайтында не екенін біліп алдым)))).
Рахмееет)
Жауаптарың ұнайды. Ризамыз Саған, Айдана.
о не дегеніңіз Әлішер мырза) рахмет!
+2 дауыс
Өмірде тәкаппарлықтан Аллах сақтасын! Тәкаппарлық деген өркөкіректік, өмірде өзін өзі бағалай алмау, айналасындағы адамдардан өзін жоғары санау деп білемін. Мен өзімді тәкаппармын деп есептемеймін) Тәкаппар болғаннан гөрі, өзіңді қарапайым ұстаған жөн деп ойлаймын!)
+1 дауыс
Ешкімге мән бермей өзім деп қалған жандарды айтады,өзімді олай санамаймын,тәкаппар санамаймын
...