0 дауыс
972 көрілді
Сатып алған көлігімнің налогын бұрынғы иесі өз паспортымен төлеген дұрыс па, әлде мен өз паспортыммен төлегенім жөн бе? Әлде мен өз атыма көлікті аудармай тұрып налог төлей алмаймын ба?

1 жауап

0 дауыс

Сатып алған көлігіңізге құжатты өзіңізге рәсімдеп үлгермеген жағдайда ғана бұрынғы иесі төлейді. Егер құжат жөнінде көлік сіздің атыңызда болса сіз салықты төлейсіз.

Ұрланған немесе Сенімхат арқылы сатылған автокөліктер не істейді?

Сіз құжат жүзінде көліктің иесі саналасыз. Сондықтан салық төлеуіңіз керек. Бұған тап болмас үшін сату кезінде көлікті есептен шығарып тастаған дұрыс. Егер ұралнған жағдай болса уақытша есептен шығара тұруға болды.

Салықты қайда төлесем болады?

Кез-келген банк кассасында немесе интернет-банкинг арқылы, «Қазпошта» бөлемшелерінде, мемлекеттік кірістер басқармасының кассаларында, egov.kz порталында төлеуге болады. Бұл үшін көліктің VIN-коды мен иесінің ЖСН білу керек.

Салықты төлемесем не болады?

Төлемесеңіз жаңа жылдан бастап салық органдары мазалай бастайды. Басында сыпайы түрде төлеуді өтінеді. Егер оған көнбесеңіз, салық сомасына өсімпұл қосылады, кейін сот орындаушысы пайда болады, көлігіңіздің жүруіне тиім салады, өзіңіздің шетелге шығуыңыға тиым салады. Салық қарызы бар көлікті сату кезінде басқа адамның атына рәсімдей алмайсыз. Сондықтан кешіктірмей, 31 желтоқсанға дейін салығыңызды төлеп, келер жылға қарызсыз баруға әрекет жасаңыз.

...