0 дауыс
349 көрілді
Фармация бөлімдері)) яғни соған ұқсас мамандықтар туралы толық мағұлмат керек рахмет

1 жауап

0 дауыс

030600 0 – «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ

030600 0 – «Фармация» мамандығының коды мен мамандық атауы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы №273-ОД бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 05-2008 техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеушісіне сәйкес көрсетілген.

Біліктілігі: 030601 3 – «Фармацевт»

030600 0 – «Фармация» мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасының меңгеру түрі: Күндізгі;

Оқудың күндізгі түріндегі кәсіби білім бағдарламасын меңгерудің білім базасының біліктілікке сәйкес нормативтік мерзімі.

Қабылдаудың жалпы білім беру базасы: Жалпы орта білім негізінде.

030600 0 – «Фармация» мамандығы бойынша кәсіби білім берудің оқыту бағдарламасы төмендегі біліктілік деңгейінде жүзеге асырылады:

Орта буын маманы;

Күндізгі оқыту түріндегі мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

Қабылдаудың білім базасы

Біліктілік атауы, коды

Біліктілік деңгейі бойынша білім беруде оқыту бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі

Жалпы орта білім беру базасында

030601 3 – «Фармацевт»

2 жыл 10 ай

030600 0 – «Фармация» мамандығының кәсіби қызметінің объектілері. Фармацевттің кәсіби қызметінің объектісіне жатады:

  • ҚР Мемлекеттік реестрінде тіркелген және медициналық қабылдауға рұқсаты бар, аурудың алдын алуға қолданылатын диагностикалық және емдеуге арналған дәрі-дәрмектер;
  • Парафармацевтикалық өнімдер, диагностика үшін және аурудың алдын алуға қолданылатын мендициналық бұйымдар мен жасандылар.

030600 0 – «Фармация» мамандығының кәсіби қызметінің түрлері. Фармацевттің кәсіби қызметінің түрлері:

  • Жалпы фармацевтикалық: фармацевтикалық өнімді көтерме-бөлшек сауда арқылы босату;
  • Өндірістік дәрілік нысандарды дәріханалық жағдайында дайындау;
  • Ақпараттық сараптамалық;
  • Ақпараттық кеңестік;
  • Маркетингтік;
  • Инновациялық;

Фармацевттер жұмыстары жоғары білімді фармацевт мамандарының баұылауымен жүргізіледі.

Толығырақ: https://azimed.kz/index.php/component/sppagebuilder/52-farmatsiya-mamandy-y

...