+1 дауыс
43.4k көрілді
Яғни Абайдың туыстары және сол романда келетін адамдар олар абайға кім деген сиякты мысалы:Құнанбай абайдың әкесі деген сиякты

7 жауап

0 дауыс
Абай, Құнанбай, Зере, Ұлжан... т.б.
0 дауыс
Абай, Мұқтар Әуезов. Әйгерім.
Мұқтар емес Мұхтар Әуезов. Және ол кейіпкері емес - романның авторы болып саналады.
0 дауыс
Басты рөлдерде Азамат Сатыбалды, Жания Джуринская )))
мәтінін оқығандар кімдер?
0 дауыс
Зере- әжесі, Ұлжан-анасы, Ділдә-бәйбішесі(атастырған) , Тоғжан - алғашқы махаббаты,(Тоғжанның атастырылған жігіті, Абайдың атастырылған қызы болған, сол себепті қосыла алмады екеуі) Айгерім -2 жары (сүйіп қосылған, Тоғжанға ұқсатқан), Оспан - бауыры, Еркежан - 3 әйелі(негізі,бауыры Оспанның жары, Оспан қайтыс болғаннан кейін әмеңгерлікпен қосылған). Ербол - романдағы Абайдың жақын досы, Тәкежан- ағасы(екеуінің арасы нашар болған). Негізінен оқысаңыз кейіпкерлер көп. Бәрін жазсақ оқымаған соң түсінбей қаласыз. Бастылары осы адамдар. Қосымша романнан мәлімет келтіре кетсем, Телғара- Абайдың жеңгелері еркелетіп қойған есімі,Абай деп әжесі еркелетіп қойған. Әжесі мен анасының тәлім-тәрбиесін көріп өскен. Абайды әкесі 13 жасында оқудан ел ісіне араластыруға шақырып алады (Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген), роман осы оқиғадан басталады. Қодар мен Қамқа - қайың атасы мен келіні , екеуіне әуейі болдыңдар деп жала жауып таспен атып , құздан құлатады. Осы кезде Абай әкесінің қатыгез екенің ұғына түседі(роман басында), романда айтылатын белгілі тұлғалардың бірі-Біржан сал, Барлас ақын . Осы жеткілікті болып қалар
0 дауыс
Басты рөлге Абай түсіп, содан танымал болып кеткен дейді ғо.
0 дауыс
Мен бірінші томын ғана оқығанмын, бірінші томындағы кейіпкерлерді Аяулым Капас жазып қойды.
+1 дауыс
Кітап кейіпкерлері

Абай - (Ибраһим) Құнанбаев (Құнанбайұлы) (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Құнанбай - би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты.
Зере - (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.
Ұлжан - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы.
Біржан сал — Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.
Еркежан - Оспанның бәйбішесі. Күйеуі елген соң, әмеңгерлік жолымен інісінің орнын баспақ болған қайнағасы Тәкежанға кеңілі толмайды, Абайдың ез басын кепілдікке апуды етінеді. Сұлу, қылықты, мінезді, көзі ашық Еркежан тіршілікте Абай үшін көп жақсылық жасаған адам. Байсалды, жарасты көңілмен кейін олар ерлі-зайыпты өмір сүрген.
Ділда - Абайдың бірінші әйелі.
Базаралы - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам.
Шөже - шыншыл жыршы, ақын.
Бөжей - Жігітек руының билеушісі
Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл ару.Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді.
Қуандық - ақын қыз
Салтанат - Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қөолын созған.
Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының аяулы үлгісі...
Үмітей - жас қыз, Әмірдің сүйгені
Керімбала - жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші
Дәркембай - кедей жатақтардың бас көтерер адамы, намысшыл,
Мәкен - Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа
Ербол - Абайдың жан досы; екеуінің арасында өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық болды.
Тәңірберген - Абайдың ағасы, Құнанбайдың үлкен баласы, романда Тәкежан деп атаған
Өскенбай Ырғызбайұлы - (1773-1850) - Абайдың атасы, тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген.
...