0 дауыс
3.2k көрілді
Ақындар туралы шығарма , мұқағали мақатев туралы  біріктіріліп

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақта Ақынды ерекше қадірлеген. Оның әрбір сөзін қасиетті де қастерлі ұғым санап, әр сөзіне келісіммен қараған. Ежелден бергі мұралары үзіліссіз келе жатырған көптеген шешендер, ақындар қазақ елінде көп. Солардың асыл мұрасы біз үшін, қазақ әдебиеті үшін де таусылмас байлық, сарқылмас қазына. Зар заман ақындарынан келе жатырған елдің келешегін ойлап, қазіргісінің ащы шындығын шымырқанта жазу бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Кезінде Ақынның сөзіне тоқтар болса, екі ел жауласса, бір сөзге тоқтап, бір сөзге жауласса, қазір сөз қадірін ұғынар қазақ азайып барады. Соның салдарынан елдің әлеуметтік жағдайын ойлап, азабына күйінер адам азайып бара жатырғандай. Кезінде ақын ханнан да қорықпай, алар болсаң басымды ал, мен еліммен біргемін, неде болса елмен бірге көремін" - дейтін. Қазір бәрі бірдей емес, әрине, елдің саяси жағына бет бұрыс жасауға жасқақатанар, бетін сипап, қаймағын сапырып, қаспағын қыра алмай жүрген ақындар аз емес. Бұндай олқылықтарды азайту үшін, сөздің қадірін жетік меңгеру ғана жеткілікті деп білемін. Еліміздің елдігінде егемендігін сақтау үшін, әр қазақтың өз ойы, пікірі құнды. Бірақ елден ерекше тұратын Ақын деген атты асқақататар, елдің қамын ойлар ақындардың пікірі құнсызданбау керек. Ақын сөйлесе, келісер, жамандығына күйінер, қиындықта бірігер, нағыз тұтас ел болсақ, қадірлілерімізді ардақтай алсақ, еліміздің жоғарыдан көріне берері сөзсіз!

Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады.

Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.

Туған жеріне, өз Отанына арнаған өлеңін әдебиеттік оқудан жаттап, жатқа айтқан кезде менің бойымды патриоттық сезім билеп алғандай болды. Міне,ақынның құдіреттілігі осында екен ғой деп ойладым.
Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат берді.
Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар да , аты санамызда мәңгіге қалады.
Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың.

Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына адамның ғұмыры мен тағдыры айтылады.
Поэзия! Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын.

Мұқағали Мақатаевта қазақтың ару-ақындарын ерекше ардақ тұтқан. Бәріне де аса зор ықыласпен қарады. Жылы сөзін ғана айтып қойған жоқ, отты жырларын да арнады.

Қорыта келе айтарым, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

...