0 дауыс
1.1k көрілді
Жалпы бала тәрбиесі жайлы білгім келеді

1 жауап

0 дауыс

Менің жеке ойым, әрбір адам естіген емес көрген ісіне қарай әрекет етеді.  Кішкентай бала бойына қасиеттерді жинайтындықтан тіптен (тем более) ата анасы, тәрбиесіне қатысқан адамдардың ісін және сөзін қайталайтын болады. 

Екінші кезекте есі кіріп қалған баланың ортасы дос жаранын байқау керек. Сынықтан басқаның барлығы жұғады деген сөз бар.  

 Одан өзге басты ойға алатын зат, баланың бос уақытын баланың өзіне жақын істермен толықтыру, бірақ қатты зеріктіріп жібермеу жағын ойға алу. 

Баланы тәрбиелеу кезінде тек одан жақсы қасиет күтіп әр ісін сынамаған жөн деп ойлаймын. Адам қанша жасқа келсе де қателік жасап сол арқылы өз бойынан өткен тәжірибе арқылы өмірге қалыптасады. 

Қышқаша айтқанда менің ойым осылай, бастысы балаңызды шын жақсы көріп, өзіңіз үлгі бола біліңіз, әр қиындықтан қорғаштай бермей өз бетімен өмірде шешім қабылдап өмірге бейімделуге баулыңыз.  

...