0 дауыс
21.5k көрілді
Амфотерлі негізге мысалдар керек

1 жауап

0 дауыс

Оксидтер немесе Тотықтар — химиялық элементтердің оттекпен түзетін қосылыстары. Тотықтардың құрамы элементтердің валенттілігіне қарай әр түрлі болады. Тотығатын элементтің валенттілігі тұрақты болса, оттекпен бір ғана тотық түзеді де оны тотық деп атайды. Мысалы, калий тотығы (К2О), кальций тотығы (СаО), т.б.

Элементтің валенттілігі ауыспалы болса, онда ол бірнеше тотық түзеді. Оның жоғары валенттісін тотық деп, ал төмен валенттісін шала тотық дейді. Мыс., темір тотығы (Fe2O3), темір шала тотығы (FeO), т.б. Тотықтар химиялық қасиеттері бойынша тұз түзетін (Na2O, MgO, Al2O3, Fe2O3, CaO, т.б.) және тұз түзбейтін немесе индифференттік (N2O, CO, NO, H2O) деп бөлінеді. Тұз түзетін тотықтар негіздік, қышқылдық немесе ангидридтер және амфотерлі (екідайлы) болып бөлінеді. Негіздік оксидтер (Lі2O, CaO, FeO, MgO, т.б.) сумен тікелей немесе жанама жолмен әрекеттесіп, негіз [(LіOH, Ca(OH)2, Fe(OH)2, Mg(OH)2)] түзеді. Қышқылдық оксидтер (SO3, P2O5, NO2, N2O5, SіO2, т.б.) сумен тікелей немесе жанама жолмен әрекеттесіп, қышқыл (H2SO4, H3PO4, HNO2, HNO3, H2SіO3, т.б.) түзеді. Амфотерлі (екідайлы) оксидтер (ZnO, SnO, PbO, SnO2, PbO2, Al2O3, Cr2O3, Fe2O3, Sb2O3, т.б.) қышқылдар, қышқылдық оксидтер және негіздер, негіздік оксидтермен тұз түзеді (қ. Тұз). Бұлардан басқа асқын Тотықтар (пероксидтер: Na2O2, BaO2, CaO2, т.б.) да болады. Тотықтардың көбі су (Н2О), көмірқышқыл газы (СО2), кремнезем (SіO2), түрінде табиғатта жеке күйінде кездеседі. Тотықтар жай заттарды оттекпен тікелей әрекеттестіру, күрделі заттардың жануы, оттекті қосылыстарды қыздырып айыру, т.б. жолдармен алынады. Кейбір табиғи Тотықтар минерал күйінде кездесіп, өзіне сәйкес металдар (темір, қалайы, т.б.) алуда негізгі шикізат болып табылады.

Тотықтар техникада мыс., сөндірілмеген әк (СаО) құрылыс жұмыстарында, NO2, SO2 азот, күкірт қышқылдарын өндіруде, т.б. кеңінен қолданылады.

...