0 дауыс
6.6k көрілді
•Арал теңізі суының тартылуы экологияға тигізген әсері?
•Каспий теңізінің ластануына әсер еткен жағдай?
• Осы мәселені шешудің нақты бір жолын ұсыныңыз.
•Өз болжамыңызды негіздеңіз?

1 жауап

0 дауыс

Арал теңізі суының тартылуы экологияға тигізген әсері.

Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оыың апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінін тұрғындары 1970 жылдарга дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жүмыс істеген.

1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мсн Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бүрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

-   жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшсліктерін ескермеу;

-   ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-  суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарып барынша көбейтіп жіберу; -  жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және судьт үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілср Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фауыасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеумсттік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлсуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарга еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл еңірдс соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабьшуы, жұқпалы аурулар республиканын басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халыктарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптегсн Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шелге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмск көрсетуде. Олар негізінсн Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

1.  Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.  Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу аркылы суды молайту.

3.  Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізіиің өздігінен табиғи реттеулін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымьшың білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтын болашақ алдындағы борышы.

Каспий теңізінің ластануына әсер еткен жағдай.

Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің түйінді элементі болып табылады. Әлемдік деңгейдегі мұнай мен газдың ірі қорына ие біздің еліміз энергетикалық саладағы өзінің сенімді стратегиялық серіктестік және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір адымға да кері шегінбек емес [1].

Каспий – әлемдегі ең ірі тұйық му қоймасы. Көбіне ірі көл ретінде қаралады. Бірақ бұл анық емес, себебі көлеміне, даму процестері мен тарихының сипатына қарасақ, теңіз болып табылады. Бұған арнасының мұхит типіндегі қабат болып табылатындығы айғақ. Гипотезалардың біреуіне сүйенсек, Каспий теңізінің атауы Ксапий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында б.д.д. 1 мыңжылдықта тіршілік еткен ат өсіретін көне тайпа – каспи тайпасының құрметіне берілген.

Үшінші мыңжылдықтың басында экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше тереңдікке ие болды, оның шешілуі әлемдік қауымдастықпен адамзаттың тірі қалуының маңызды факторы ретінде мойындалады. Экологиялық қауіпсіздік экологиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығы, қоршаған ортаға шамадан тыс стихиялық (табиғи) және антропогендік әсер етуінен қоғамның қорғалуының деңгейімен анықталады.

Кейінгі жылдарда шамадан тыс тереңдікке бірден-бір табиғи объект болып табылатын Каспий теңізінің экологиялық денсаулығын сақтау мәселесі ие болды. Каспий теңізі — бірегей су айдыны, оның көмірсутекті ресурстары мен биологиялық байлықтарының дүниежүзінде ұқсастықтары жоқ. Каспий — әлемдегі ең көне мұнай өндіру бассейні. Сонымен, мысалы, Әзербайжанда, Апшерон түбегінде мұнай өндіру 150 жылдан астам уақыт бұрын басталды [1, 9 б.].

Каспий өңірі аудандарында (кең мағынада) Каспий теңізінің периметрі бойынша орналасқан бел елді белгілейді: бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және Түрікменстан. Оларды «Каспий теңізінің бассейні» мемлекеттері деп атау қабылданған. Дипломатиялық тәжірибеде дәл осы термин аймақтық елдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі күні Каспий мәселесі өте өзекті, бірақ халықаралық-құқықтық статусы және Каспий өңірі мемлекеттері арасында мұнай ресустарын бөлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне тәуелділіктен тыс Каспий аймақтың экологиялық объектісі болып қала береді. Оның бөліктерінің біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында бұл әрбір мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді.

Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай ластанулары жасыл-көк және диатомды балдырлармен көрсетілген Каспийдің фитобентосының және фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің өнімділігін төмендетеді. Ластанудың көбеюі су беті мен атмосфераның арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді. Үлкен аудандарда мұнай қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы бірнеше рет төмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі организмдердің басым бөлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың әсер етуі суда жүзетін құстарда көрнектірек көрінеді. Осетр балықтарының қоры азайып барады.

2000 жылы Атырау қаласында 70 ш. оңтүстік-шығысқа қарай теңіздің таяз аймағында ең ірі Шығыс-Қашаған мұнай және газ кен орны ашылды. 2001 ж. Батыс Қашаған кен орнының мұнай-газдылығы дәлелденген. Солтүстік Каспий теңізінің қайнары үлкен дәлелденбеген қорлар бар болғандықтан, Қазақстанның мұнай-газ болашағы келесі үш Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарымен тікелей байланысты. Дәл Қашаған, Теңіз бен Қарашығанақтағы өндірістің мүшкіл деңгейіне тоқталмай, 7-9 млрд. баррель қорымен экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы болады. Сонымен қатар, 2015 ж. қарай Қарашығанақтағы газ өндірісін жылына 25 млрд. м3, ал Теңізде – жылына 8-9 млрд. м3 жеткізу жоспарланады. Осы уақытта Қашаған ҚР ең ірі газ шығару көзі болып отыр. Себебі одан алынатын қор 1 триллион м3 құрайды. Қашағанда жолай газ Теңіздегі сияқты күкірттің мөлшерінен жоғары. Кен орнының өзі жоғары температурамен және қысыммен сипатталады. Бұрғылау жасанды құрылған аралдан жүргізіледі. Теңіздің тереңдігі мұнда 3,5 м.

Мұнайлық ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде теңіздің ауданынан 27.7 % ауданы, судың 6.2 м орташа тереңдігі кезінде жалпы көлемінен 0.94 % судың өте төмен деңгейінен қауіпті. Яғни, егер теңіздің әр түрлі бөліктерінде су көлемінің бірлігіне мұнайдың бір тоннасын құйса, онда Солтүстік Каспийде шамамен экожүйеге ластағыштар 100 есеге қатты әсер етеді. Волга мен Оралдың қатты ағысының арқасында солтүстік Каспий, Орталық және Оңтүстік Каспийге қарағанда едәуір өнімді, басты азық қоры, балықтардың, итбалықтардың «балалар бақшасы», құстардың ұя салу орны болып табылады.

Каспий теңізінің табиғи ортасының негізгі ластану көздері өзен ағындысымен (материктік ағыс) шығару және тазартылмаған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ағындыларының, қалалар мен жағалаудағы ауылдардың коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларының төгінділері; өзен және теңіз кеме қатынасы, каспий кемежайларындағы кемелердің ағынды сулары; құрлық пен теңіз қайраңында мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану; теңіз жолымен мұнай тасымалдау, құбырлардағы апаттар; теңіздің түбін тереңдететін жұмыстар кезіндегі екінші рет ластану, мұнай газ және энергия кешендерінің объектілерін жылытумен және тазартылмаған төгінділеріне байланысты Каспийдің ластануы; жер бетіндегі, су және теңіз экожүйелерінің био әр түрлілігінің және іске қосылған механизмдердің жоқтығынан өнімділігінің азаюы; нормативті-құқықтық құжаттардың жетілмегендігі, халықтың жеткіліксіз экологиялық сауаттылығы; мұнай өндіру аудандарында халықтың ауру-сырқаулығының өсуі болып табылады.

Өзен ағысымен Каспийге жыл сайын 40-45 км3 ағынды сулар келеді, олардың 60 % Волга бассейні береді. Ағындардың жаға бойындағы циклондық сипатының болуы себебінен, теңіздің кез келген бөлігінің ластануы шарасыз басқа бөлігінің ластануына әкеледі. Сонымен қатар, теңіздің биологиялық маңызды бөліктері де ластанады.

Ерекше қауіпті мұнай көмірсутектерінің, хлор-органикалық қосылыстардың, ауыр металдар мен радионуклидтер жоғары мөлшерімен анықталатын химиялық ластану болып табылады. Қазірдің өзінде Каспийде мұнай көмірсутектілердің орташа шоғырлануы 1.5-2 есе балық шаруашылығы су қоймаларының нормасынан жоғары. Каспийде биологиялық жансыз және ең ластанған Баку бухтасының мысалында теңіздегі қарқынды мұнай өндірісінің салдарын көруге болады. Ресей жағалауында мұнай көмірсутектілерінің Теректің сағаларында шоғырлануы, сондай-ақ ықтимал нормадан асты, бұл Шешенстандағы соғыс әрекеттерімен байланысты болды. Жыл сайын 20-30-ға жуық көп төгінділер тіркеледі, үнемі техногенді апаттардың саны көбейіп отырады [2, 277 б.].

Апшеронға ұқсас жолдан жаңа мұнай өндіру орталықтары – Теңіз (Қазақстан) және Челекен (Түрікменстан) өте бастайды. Мұндағы экологиялық жағдай көбінесе Каспийдің батыс жағалауында қалыптасқан жағдайды қайталайды. Бірақ, ол мұндағы мұнай құрамы бойынша жоғары күкіртті, құбыр жүргізу транзитінің алдында арнайы тазартуды талап ететін меркаптандардың көп мөлшерлі болуымен күрделілене түседі. Оның теңізге түсуі үлкен экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Ал мұнай өндірудің пластылық жағдайлары (жоғары температуралар мен қысымдар) апатсыз пайдалануға маңызды қосымша шығындарды ғана емес, сонымен қатар, барлау мен өндіру кезінде өте қатты экологиялық стандарттарды сақтауды талап етеді. Каспий сулары орташа ластанған болып бағаланғанда, аздап, жасанды тұндырғыштардың ролін атқаратын өзеннің су қоймаларына, каспийлік түптік шөгінділерге және теңіздің қыздырылатын жоғары қабаттарында өзін-өзі тазарту процестерінің жоғары жылдамдығына міндетті.

1978 ж. бастап Каспий трансгрессивтік кезеңде тұр. Кейінгі бірнеше жылдарда Каспийдің деңгейі тұрақтандырылды, мұнай өндіру аудандарындағы теңіздің деңгейін артуы кез келген апаттық жағдайларға, қорғау бөгеттерінің және үйінді ғимараттардың бұзылуына, құбыр жолдарының жарылуына, жер асты суларының ластануына және т.б әкелуі мүмкін.

Орталық Каспийдің оңтүстік және үлкен бөлігі үлкен геодинамикалық қауіптілікке ұшырайды. Ол жоғары сейсмикалылыққа байланысты. Ал, дәл осы учаскелер бойынша транскаспийлік су асты мұнай құбыр жолдарының жобаларын: жылына 20 млн.т. дейін қазақстандық мұнайды Теңізден және Түрікменстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия транскаспийлік газ құбырынан тасымалдау іске асыру жоспарланды. Ресей сейсмологтарының қорытындыларына сәйкес, Каспийдің түбі бойынша мұнай құбырларын салу апаттарға және жер астындағы жер сілкіністерінің салдарынан ауқымды мұнай құйылуына ұшыратады. Қатты жер сілкінісі кезінде 1000-ға жуық атм. миллион қысыммен үстіңгі бет пен атмосфераға құрамында күкірт-сутектілері бар көмірсутектілер тоннасының төгінділері болуы ықтимал, бұл үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Ал Каспийдің тұйық жүйесіне, теңіз «өлімінің» басын бастау үшін мұнай құйылысымен шағын апат жеткілікті. Теңіз қайраңында мұнайды өндіру, бұрғылау, дайындау және тасымалдау процесі кезінде жағалау мен су мұнаймен ғана емес, сондай-ақ, бұрғы шламымен, ауыр жуу сұйықтарымен және әсіресе, құрамында теңіз флорасы мен фаунасына зиянды әсер ететін әр түрлі химиялық қосылыстары бар ағынды сулармен ластанады [2, 278 б.].

Каспий теңізінің мұнай кен орындарын пайдаланудың ерекшелігі – құрамында мұнай бар жыныстарының нашар тұрақтылығынан ұңғымалардан алынатын сұйықта құмның көп көлемінің болуы. Құрамында қалдықты мұнайдың 5-10 проценті бар құм кейде пайдалану колоннасында және сорғы-компрессорлық құбырларда жиналады және тіпті кептеліс жасауға да қабілетті. Барлық дерлік өндірістік мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері (соның ішінде құбыр жүргізу жолдары) сәйкес жағдайларда қоршаған ортаны әр түрлі экологиялық маңызды көптеген зиянды заттармен ластайды. Әр түрлі зерттеулер бойынша мұнай физиологиялық процестерге кері әсер ететіні, әр түрлі тіндер мен органдарда патологиялық өзгерістерге әкелетіні, ферментативтік аппарат пен нерв жүйесінің жұмысын бұзатындығы қалыптасқан. «Зиянсыз» болып саналатын салыстырмалы шағын мұнаймен ластанулар балықтарда, ұлуларда қан құрамының өзгеруіне әкеледі және зат алмасуын бұзады. Ластану көздерін талдау, теңіздік мұнай және газ кенорындарын Каспийде әзірлеу және барлау кезінде теңіз көбінесе мұнаймен, химиялық өңделген құм ерітіндісімен, ЖММ, химиялық реагенттермен, сондай-ақ, техникалық йодтармен ластанатынын көрсетеді [2, 280 б.].

Кейінгі жылдары Каспий теңізінің ластануы тікелей теңіз жағалауында орналасқан мұнай өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының ағынды суларының төгінділерінің, құрамында әр түрлі жемірлі синтетикалық үстіңгі-белсенді заттары бар өнеркәсіптік және тұрмыстық қала ағындыларымен болды. Бұл ластанулардың негізгі себептері мыналар болды:

– гидротехникалық ғимараттардың құрылымдық жетілмегендігі, технологиялық жабдықтың жеткіліксіз сенімділігі;

– кенорындарды игерудің технологиялық процестерінің жетілмегендігі;

– диагностиканың жеткілікті деңгейі және қауіпті объектілердің жұмысын бақылау;

– мұнай газ кенорындарын бұрғылау және әзірлеу кезінде теңіз ортасының ластануын, сонымен қатар, теңіздің бетінен төгілген мұнайды оқшаулау және жинау бойынша құралдарды жоюға арналған арнайы құралдардың жоқтығы және жеткіліксіздігі.

Гидрохимиялық зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінің фенолдармен (18 ПДК дейін) бұзылу қауіптілігін дәлелдейді, ал Маңғыстау облысының аудандарында теңіз суының мұнаймен ластану деңгейі 10-13 ПДК құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің солтүстік бөлігінде сынаппен, ауыр металдармен және хлорланған көмірсутектілермен ластанудың жоғары деңгейі байқалды.

Қоршаған ортаның сапасына өндірістік кәсіпорындар мен объектілердің кері әсері қатты климаттық жағдайлармен, тұзды шөгінділерден өндірілетін және қайта өңделетін көмірсутекті шикізаттағы күкіртті қосылыстардың көп шоғырлануымен, Каспий деңгейінің жоғарылауымен және жағалаудағы мұнай кенорындарын жылытумен, теңіз кенорындарын игеру процесінің қарқынды өсуімен, континент аралық магистраль құбыр жүргізу жолдарының салынуымен және т.б күшейеді.

Каспийдің теңіз кеңістігінде көмірсутектілер қатар ластағыштар ауыр және ауыспалы металдар – жасанды және өзен ағындысымен өнеркәсіптік қалдықтардың (ерітілген және шөгінді) құрамды бөлігі түрінде ұсынылғандар болып табылады. Металдар қоршаған ортаның түрлі әсер ету және қайта құрылу түрлеріне бейім (физикалық, химиялық, биологиялық). Микроэлементтер сияқты металдар балықтар мен басқа да гидробионттардың өмірінде маңызы зор. Олар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың құрамына кіреді, балықтардың организмдерінде өтетін биохимиялық процестерге қатысады. Бірақ, көп көлемде суда бола отырып, өмірлік процестердің пайда болуына антибиотикалық әсер етеді және генетикалық өзгерістер әкеледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су пунктілерін гидрохимиялық зерттеу кезінде, олардың қатарында қорғасынның, кадмийдің, бромның, нитраттардың, хлоридтердің және сульфаттардың ПДК арттыру байқалды. Жағалаудағы мұнай кен орындарын (Шығыс Кокарна, Жағалау, Шөл, Тәжіғали) жылыту және Мартыши, Қорсақ, Прорва, Терең-Өзек кен орындарының бөгеттері арқылы теңіз суын тазарту кезінде Каспийде мұнай өнімдерін шоғырландыру жеке орындарда 100 ШМШ дейін ұлғаяды.

...