+1 дауыс

Сәлеметсіздер ме? "Каспий теңіз бе? Көл ме?" деген сауал географиялық тұрғыдан ғана емес, саяси тұрғыдан да аса маңызға ие екені белгілі. Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің осы мәселе айналасындағы пікірі екіге жарылып отырғаны да баршамызға аян. Каспийдің экологиялық мәселесін шешу үшін, оның ресурстарын көл ретінде пайдаланған жөн бе, әлде теңіз ретінде пайдаланған жөн бе? Қалай ойлайсыздар? 

23.10.2014 2.8k қаралым
Менің білгім келгені,  жай ғана Каспийді теңіз деп атаған жөн бе? Көл деп атаған жөн бе деген қарапайым сұрақ емес. Каспий теңізінің экологиялық ластану деңгейі жыл санап артып келеді. Ал Каспийдің ресурстарын теңіз ретінде пайлану мен көл ретінде пайдалану Халықаралық заң нормалары тұрғысынан әр түрлі қарастырылады. Ендеше, Каспийдің экологиялық ластану мәселесін шешу үшін ресурстарды көл ретінде пайдаланған жөн бе, әлде теңіз ретінде пайдаланған жөн бе? Қайсысы Каспий жағалауындағы елдердің экологиялық келісімдерді сақтаудағы міндеттемесін арттыра алады?

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
қазіргі кезде менің ойымша бұл аса маңызды емес...каспии жағалауындағы елдердің бәрі оз пайдасын ғана ойлайды,экологиялық жағдай емес одан түсер пайда маңызды рақ болып тұрған кезде бұл мәселе үшін бас қатыратын адамдар шамалы....
24.10.2014
+2 дауыс
Каспий теңізі қазіргі таңда көл болып тұр. Әлемдегі ең үлкен көл Каспий.

Теңіз деп мұхиттармен байланысқан кезде ғана теңіз деп аталады , ал қазір

Каспий мұхиттармен қосылмай қалған енді ол да

 

Арал теңіз деген атауын сақтап тұр әзірге Хуанхе теңізіне дейн жалғанып Тынық мұхитка дейн
23.10.2014
Жауабыңызға рахмет.
0 дауыс
Жоқ Каспий теңізі негізінде теңіз . Теңіз дегеніміз ол бірнеше мемлекеттерді су арқалы шекараластырса онда ол теңіз деп аталады . Ал көл дегеніміз бір мемлекеттің ішінде орналасады . Бірақ қазір Каспийдің көлемі көлдердің көлемімен бірдей сондықтан атайды деп ойлаймын . Каспий Түркіменстанға , Қазақстанға , Иран ,Азербайжан, Россияға ортақ сондықтан мен оны теңіз деп атар едім .
24.10.2014
Теңіз деп атау ол мұхитқа дейн озен көлдер арқылы жалғасын тапқанда ғана теңіз деп аталады Каспий волга теңізі арқылы Мұзды мухитқа қа дейн байланысатын еди білмейм гой әлемдегі ең үлкен көл деп атақ алды гой
Хе екеуміз екі түрлі айтып турган жокпызба ???

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы