0 дауыс
1.1k көрілді
Егер хайыз ораза айында екі рет келсе ораза бұзыла ма?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ораза кезінде байқалған етеккір қаны әйелдің оразасын бұзады. Ол күннің қазасын кейіннен өтейді. Етеккірі байқалған әйелдің ораза ұстуына болмайды. Бұл туралы Шейх Атия Сақр: «Хайыз бен нифасы келген әйелдерге қатысты фиқһ ғалымдары мына екі нәрсеге бірауыздан келіскен: біріншісі – оған ораза ұстау парыз болмайтындығы, екіншісі – егер ораза ұстаса, ол оразасы дұрыс болмайтындығы, керек болса, ол ісі күнә болатындығы», – деген.

Имам Нәуаи (р.а) айтты: «Мұсылман үмметі хайыз бен нифас әйелдерге ораза ұстауға болмайтынына әрі ұстаған оразасы да бұзылмайтындығына бірауыздан келіскен. Сол сияқты, кейіннен оразасының қазасын өтейтіндігіне де келіскен. Үмметтің бірауыздан келіскендігін Имам Тирмизи, Ибн Мунзир, Ибн Жәрир және мазхабымыздың ғалымдары жеткізген»

Ұқсас сұрақтар

...