Егер ораза айында хайыз уақыты екі рет болса, кейін қалған күндерінде ұстауға бола ма?

0 дауыс
1.3k қаралым
Егер хайыз ораза айында екі рет келсе ораза бұзыла ма?
• Санаты: Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Ораза кезінде байқалған етеккір қаны әйелдің оразасын бұзады. Ол күннің қазасын кейіннен өтейді. Етеккірі байқалған әйелдің ораза ұстуына болмайды. Бұл туралы Шейх Атия Сақр: «Хайыз бен нифасы келген әйелдерге қатысты фиқһ ғалымдары мына екі нәрсеге бірауыздан келіскен: біріншісі – оған ораза ұстау парыз болмайтындығы, екіншісі – егер ораза ұстаса, ол оразасы дұрыс болмайтындығы, керек болса, ол ісі күнә болатындығы», – деген.

Имам Нәуаи (р.а) айтты: «Мұсылман үмметі хайыз бен нифас әйелдерге ораза ұстауға болмайтынына әрі ұстаған оразасы да бұзылмайтындығына бірауыздан келіскен. Сол сияқты, кейіннен оразасының қазасын өтейтіндігіне де келіскен. Үмметтің бірауыздан келіскендігін Имам Тирмизи, Ибн Мунзир, Ибн Жәрир және мазхабымыздың ғалымдары жеткізген»

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
18.04.2021 • Санаты: Ораза сұрақтар Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы