+3 дауыс
1.5k көрілді
Бір танысым бүгін Алматыдағы "Студент" ұялы байланыстар орталығынан 70 мың шамасындағы қаржыға ноутбук сатып алды. Сөйтсе, ол ноутбук ұсталған болып шықты. Менің пайымдауымша, 1жылдай пайдаланылған. (!) Енді не істеу керек? Егер қайтып апарса, қаржысын қайтып ала ала ма?Заңға жүгіне отырып жауап бере алатын адам бар ма?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Кеш болса да жауап берейін.
Танысыңа берілген тауар бұрын пайдаланылғанын кепілдік талонындағы сату мерзімін көрсету арқылы дәлелдеп.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 15-бабындағы тұтынушылардың тиiстi емес сападағы тауар сатылған жағдайдағы құқығы көрсетілгендей
      1. Тиiстi емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшiлiктер жөнiнде айтпаса, өз таңдауы бойынша:
      1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемiтудi;
      2) тауардың кемшiлiктерiн өтеусiз жоюды талап етуге құқылы.
      Тиiстi емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн;
      3) тауардағы кемшiлiктердi жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеудi;
      4) соған ұқсас маркалы (модельдi, артикулдi) тауарға ауыстыруды;
      5) сатып алу бағасын тиiсiнше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделдi, артикулдi) сондай тауарға ауыстыруды;
      6) шартты бұзуды және тауар үшiн төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген талапты таңдауына қарамастан, келтiрiлген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесiлi болады.
      2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы тауарды сатып алу орны бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптарды қоюға құқылы.
      3. Тұтынушы, осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар осы Заңда белгiленген мерзiмде анықталған жағдайда, осы талаптарды қоюға құқылы.

Ал дәл осы заңның 30-бабында  сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату  кезіндегі міндеттері айтылады

      1. Мыналарды:
      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
      іш киімді;
      шұлық-ұйық бұйымдарын;
      жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түлік емес тауар пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды иелену фактісін растайтын құжат, егер шартта бұдан да ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақталса, сатушы (дайындаушы) оны айырбастап беруді немесе қайтарып алуды қамтамасыз етуге міндетті.
      Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалып қалса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, егер тұтынушы тауарды осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастап беру немесе қайтарып алу жүргізілуге тиіс.
      2. Тұтынушы тауардан кемшіліктер тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда сатушы (дайындаушы) – оны дереу ауыстыруға, ал сатушының (дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруі қажет болған кезде тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.
      Тауарды (жиынтықтаушы бұйымды) ауыстыру кезінде, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді мерзім оны тұтынушыға берген күнінен бастап қайта есептеледі.
      3. Егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тұтынушының келісімі бойынша сатушы (дайындаушы) тауардан табылған кемшіліктерді тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс.
      Тауардағы кемшіліктер жойылған жағдайда кепілді мерзім тауар пайдаланылмаған мерзім ішіндегі уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушы кемшіліктерді жою туралы талаппен жүгінген күннен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге дейін есептеледі.
      4. Сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілемеген тауарға қатысты, не осы Заңның 17-бабы 2-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда және тәртіппен, егер тұтынушы тауардың кемшіліктері тұтынушыға берілгенге дейін пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшіліктері үшін сатушы (дайындаушы) жауап береді.
      Сатушы (дайындаушы) сатылған (дайындалған) тауардың кемшіліктері үшін олар жөнінде өзі білмеген жағдайда да жауап береді. Сатушыны (дайындаушыны) жауапкершіліктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келісім жарамсыз болады.
      5. Сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, сатушы (дайындаушы) егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
      7. Тұтынушыға тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтарып беру кезінде сатушы (дайындаушы) одан тауарды толық немесе ішінара пайдаланғандықтан, оның тауарлық түрін жоғалтуынан немесе басқа да осы сияқты мән-жайлардан тауардың құны төмендеген соманы ұстап қалуға құқылы емес.
Толығырақ осы Заңнаң қарарсың

Ал сатушы қандай жауапкершік жүктейді десеңіз,
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексiнің
   159-бабымен Тұтынушыларды алдағаны үшін:
      1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) тұтыну қасиеттерiне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы –
      жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
      белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып және үш жылға дейiнгi мерзiмге қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, елеулi залал келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер –
      белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып не үш жылға дейiнгi мерзiмге қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, iрi залал келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер –
      белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып не үш жылға дейiнгi мерзiмге қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапқа қатысты бiр айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы залал – елеулi мөлшердегi залал деп, кемiнде үш айлық есептiк көрсеткiш сомасындағы залал iрi мөлшердегi залал деп танылады.
о, Даник, рақмет!
+1 дауыс
Әрине. Чек болса,өзінің куәлігімен дүкенге келіп,арыз жазады. Директор атына. Олар  ақшаны қайтарады.Ертең таң ата барсын.Жақында осы тақырыпты Универде өттік
+1 дауыс

Заң бойынша 48 сағыт ішінде затты бүлдірмей апарса, затты ауыстырып немесе ақысын қайтарып беруге міндетті. Мейлі чегі бар болсын, жоқ болсын апараса ақшасын қойтарып беруі тиіс.

чек болу керек,админ)))
негізі чек болуы керек. Тұтынушылардың құқығын қорғау орталығына бару қажет, 48 сағаттан артық кешікпеңіз
+2 дауыс
Рахмет жауаптарыңыз үшін! Қырсық, ертең жексенбі боп тұрғанын қарашы...Жексенбіде жұмыс жасамайтын шығар...Тұтынушының ноуттан хабары жоқтығын, адамдарға тым сенгіштігін пайдаланып чек те бермепті. (( Көп сөйлеп кеттім-ау дейм) Тағы да рахмет!)))
тұтынушы сатып алған заттың чегін сұрау керек
...