0 дауыс
451 көрілді
Мектепте биология пәнінен сұрақ қойды. Бидайдың қыста сақталуына не көмектеседі деп

1 жауап

0 дауыс

Дəнді дақылдарды кептіретін техника Ылғалды астықты тиімді сақтау үшін негізгі технологиялық əдіс ретінде кептіру кеңінен қолданылады. Астықтың ылғалдылығы 15%-ға дейін болғанда дұрыс сақталады, ал егер ылғалдылық бұдан жоғарылай бастаса, дереу кептіру қажет. Əсіресе ауа райы ылғалды, астық суға көп тиетін Солтүстік Қазақстанда кептіру жұмыстарының маңызы зор. Бұл аймақта жаңадан жиналған астықтың ылғалдылығы 18-20% шамасында болуы өте сирек, көбінесе ол 30-35 пайызға дейін жетеді. Еліміздің оңтүстік аудандарында кейбір дəнді дақылдардың – жүгері, күнбағыс, тары – кеш пісуіне байланысты, астықты жинау уақыты жаңбырлы күндерге сай келеді, сондықтан мұнда да кептіру жұмыстары жүргізіледі. Ылғалы көп астықтың температурасы бірден жоғарылап, қызып кетеді. Соның салдарынан астықтың іші көгеріп, микроорганизмдер мен қойма зиянкестерінің өсуіне қолайлы жағдай туады. Сөйтіп астық бүлінеді. Сонымен қатар ылғал астықты зауыттарда өңдеуге жəне алыс жолға тасымалдауға болмайды. Бұл жабдықтардың қуатын кемітеді, тез тоздырады, өнімнің сапасын төмендетеді. Астықты кептіру оның ылғалдылығын төмендету үшін ғана керек емес, белгілі температурада ондағы зиянкестерді құрту үшін де керек. 

Астықты сақсауға дайындау технологиясы жайлы толығырақ мына жерден қарауға болады:http://library.psu.kz/fulltext/buuk/b2269.pdf

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 7.12.2020 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
4 жауап
...