0 дауыс
4.0k көрілді

Тапсырма.

1. Адам көзініӊ оптикалық жүйесініӊ негізгі бөліктерін атаӊдар.

2. Адамныӊ көз бұршағы өзініӊ қисықтығын өзгертеді. Бұл не үшін керек?

3. Оқушы оптикалық күші +2 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді? 4. Судан шыққан балықта қандай көз ақауы «пайда болады»: алыстан көргіштік немесе жақыннан көргіштік. Неліктен?

1 жауап

0 дауыс

Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене.

Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм;

Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44;

Көздіӊ оптикалық күші ≈58 дптр

image
1-склера (көз алмасының сыртқы қабықшасы); 2-қасаң қабық (роговица) - склераның алдыңғы мөлдір бөлігі; 3- түсті қабық (адамдар көзінің түсті қабығы әртүрлі болады); 4-көздің қарашығы (зрачок) – жарық өтетін саңылау. Оның диаметрі рефлективті түрде 2 мм - 8 мм-ге өзгеріп отырады; 5-көз бұршағы (хрусталик) - қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене; 6-циллиарлық бұлшық еттер көз бұршағының қисықтық радиусын өзгертеді, яғни оптикалық күшін өзгертеді; 7-көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене (стекловидное тело); 8-тамырлар қабығы; 9-көз алмасының түбін тұтас жауып тұратын торлама (сетчатка). Торлама көз жүйке тамырларының тармақтарынан тұрады. Көру жүйкесі құтышалар (≈ 7 млн.) мен таяқшалар (≈130 млн.) деп аталатын талшықтардан тұрады; 10-көру жүйкесі; 11- соқыр дақ; 12-сары дақ (центральная ямка) – торламадағы жарықты ең сезгіш орын (мұнда нәрсенің түсін қабылдайтын кұтышалар топталған).

Ұқсас сұрақтар

...