0 дауыс
938 көрілді
Үстеуді табып,онын түрлерін жазуы керек
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Нәсір әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды

1 жауап

0 дауыс

Үстеулер мағынасына қарай: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл, мақсат, себе-салдар, күшейткіш болып бөлінеді.

Мезгіл үстеулері: ертең, ерте, әлі, енді-енді, оқта-текте т.б.

Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?

Мекен үстеулері: әрі, әрмен, ілгері, кейін, төмен, алда, т.б.

Сұрақтары: қайда? қалай қарай?

Мөлшер үстеулері: сонша, осынша, онша, әжептәуір, бірталай, т.б.

Сұрақтары: қанша? қаншалық? қаншама?

Сын-қимыл үстеулері: әрең, әзер, тез, шапшаң , шикілей, шалқасынан т.б.

Сұрақтары: кімше , неше, қайтіп?

Мақсат үстеулері: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана т.б.

Сұрақтары: неліктен, не үшін?

Себеп – салдар үстеулері: бекерге, босқа, жоққа , амалсыздан, құр босқа, тектен – текке т.б.

Сұрақтары: не себепті? не себептен? қалай?

Күшейткіш үстеулері: өте, орасан, мүлде, тым, кіл, аса, кілең т.б.

Мәтін бойынша үстеулерді осы тізіммен толтырып шыға аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...