0 дауыс
875 көрілді
Маған күйеім менің атыма банктен жаңа  машына тағы  басқа бір неше банктерден ақша алдыртып енді менен ажыраспақшы. Тағыда үйді екіге болемін дейді. Менде екі балам бар. Тұрмысқа шыққаннан бері соның кредитін толеп келем. Өзім мектепте жұмыс  істеймін. Үйді өзімнің әкем салып берген. Бірақ үйге документ етгенде өзінің атына өткізіп алған.  Былайша айтқанда бізді папам бағып келеді. Енді мойныма қарыз етіп өзі ажырасып кете жатыр. Тенге кз, хоум,каспи, евразия банктерден кредиттерім бар. Мүмкін сондай екен не үшін аласын дерсіз. Ұрып соғып болсада алдыртады. Папа мамам болса осы уақытқаша адам болып қалар деп жүрген еді. Дінің жағынан ажырасып болдық. Енді мен кредитті күйеуім атына өткізіп машынаны қайтарсам аладыма. Үйді екі бала үшін қандай алып қалсам болады. Өтініш жауап беріңіздерші.

1 жауап

0 дауыс

ҚР Азаматтық кодексінің 223-бабына сәйкес Ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi

        1. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.

       2. Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.

Қымбат бағалы және басқа әсемдiк заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады.

      Егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен сол мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн.

3. Ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жаза өз меншiгiндегi мүлiкке ғана, сондай-ақ бұл мүлiктi бөлiсу кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне тиесiлi болатын ортақ мүлкiндегi өз үлесiне ғана қолданылуы мүмкiн.

4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқықтарының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарымен белгiленедi.

Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы мынандай жағдайда жүзеге асыралады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес

339-бап. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысу негiздерi мен тәртiбi

1. Мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi; немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстыруы мүмкiн.

Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы жөнiндегi ережелер регрестi талаптарға қолданылмайды.

2. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы үшiн, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келiсiмi талап етiлмейдi.

3. Егер несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнiнде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие берушi осыдан туындайтын өзiне қолайсыз салдарға тәуекел етедi. Бұл жағдайда бастапқы несие берушiге мiндеттеменi орындағаны тиiстi несие берушiге орындағаны болып табылады.

4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша талап ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.

340-бап. Басқа адамдарға ауыстыруға болмайтын құқықтар

Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөнiндегi және азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi.

341-бап. Несие берушiнiң басқа адамға ауысатын құқықтарының көлемi

Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

344-бап. Несие берушi құқықтарының заң құжаттары негiзiнде басқа адамға ауысуы

Мiндеттеме жөнiндегi несие берушiнiң құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетiлген мынадай жағдайлардың болуы негiзiнде:

1) несие берушiнiң құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесiнде;

2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкiндiгi көзделсе, несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешiмi бойынша;

3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;

4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушiнiң құқықтарын алып берген кезде;

5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.

Ұқсас сұрақтар

...