0 дауыс
286 көрілді
Декреттик демалыста отырган кукык коргау кызметкерине званиясы токтап калмайма?

1 жауап

0 дауыс

ҚР Құқық қорғау қызметі туралы заңына сәйкес:

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс 1. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкерлерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысынан тыс берiледi. 2. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс ұзақтығы, беру және ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен белгiленедi. 3. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің қарамағына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.

      Құқық қорғау органында атқаратын лауазымының қысқартылуымен ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, қызметкерге біліктік талаптарына сәйкес келген кезде осы жергілікті жерде басқа бос лауазымға орналасуға мүмкіндік беріледі. 

Яғни сіздің барлық еңбек стажыныңыз және арнай атағын сақталады.

Ұқсас сұрақтар

...