0 дауыс
12.1k көрілді

Биоалуантүрлілікті сақтау мәселесі

1 жауап

0 дауыс

Жабайы түрлер – дәрі-дәрмектердің маңызды көзі. Қазіргі кезде осы мақсатта шамамен 5 мың өсімдіктің  түрлері қолданылады. Олардың жалпы бағасы 40 млрд доллар. Шипалы қасиеті бар өсімдіктердің көптеген түрлері әлі медицинада қолданылмай келеді.

Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.

П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.

Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.

Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.

Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің әсіресе екі салдары  ерекше назар аударуды қажет етеді.

Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен  тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден, қандай да бір түрдің толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсақ омыртқалылыр үшін шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше мың дара. Адам қызметінің нәтижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.

Ішкі су қоймаларының ластануы, тұздылығының, қышқылдылығының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10-12 есе кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың улану, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу факторлері белгілі.

Түрлердің толық жойылуының  нәтижелері өте ауыр. Жекелеген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.

Биологиялық әралуантүрлілікті сақтау.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.

Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген. Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кемуі себебі, таралу террториясы қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлерді бірнеше категорияға бөледі: жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралары қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар туралы мәліметтер аз).

Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік көзі нашарланған түрлермен толықтырылады.

Қазақстанның Қызыл кітабын шығаруы, республикамыздын өте сирек жануарларын сақтап қалу және оны қорғаудағы рөлі өте зор.

Экономикалық проблемаларды шеше отырып, біз өзімізді қоршаған ортаның қал-жағдайын естен шығармауымыз керек. Ғылым мен техниканың алға басуы адам мен табиғат арасында үндестіктің болу қажеттілігіне еріксіз ой тоқтаттырады.

    Қазақстанның Қызыл кітабының жарыққа шығуы біздің әрқайсымыздың соншалықты көркем, әрі тамаша табиғат әлемін сақтаудағы жеке-жеке жауапкер екенімізді саналы түрде ұғынуымызға түрткі болады.

   Қызыл кітаптың беттерін аша отырып, бізге жойылып бара жатқан немесе жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері тізімінің өсуіне себепші болатын жағдайлар мен себептер туралы терең ойлануымыз керек.

   Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.

   Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында бекітіліп, осы жылдың аяғында оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жарық көрді. Оған 87, оның ішінде: балықтардың 4, қосмекенділердің 1, бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрлері енгізілді; олардың барлығы сирек және жойылып бара жатқан деп екі категорияға бөлінді. Бұл кітап бұрынғы Кеңестер Одағы бойынша бірінші басылым болғандықтан тек түрдің аты – жөні және түрге байланысты міндетті мақала ғана емес сонымен қатар қосымша мәліметтер – жануардың сыртқы пішінінің сипаттамасы мен оның жыныстық белгілері де берілді. Басылымның жеделдігіне байланысты көптеген түрлердің таралуы мен саны жайында бұдан 10 – 20 жыл бұрынғы мәліметтер пайдаланылды.

Қазақ ССР Қызыл кітабының екінші басылымына (1991) омыртқалы жануарлардың 129 түрлері мен түршелері (балықтардың – 16, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың – 58, сүтқоректілердің - 42 ) және бірінші рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі (насекомдар – 96, шаянтәрізділер – 1, моллюскалар – 6, құрттар - 2) енгізілген еді. Қызыл кітапта «тіршілік етушілердің» санының біршама өсуі республикамызда жануарлар дүниесінің қалжағдайының тек қана төмендеуінен деп есептеуге болмайтынын айта кеткен жөн, себебі бұл Қазақстан жануарлар дүниесі жайындағы біздің біліміміздің біршама артқандығын көрсетеді. Қызыл кітап алдын – ала сақтауда үлкен рөл атқаратын және тұрақты қызмет ететін документ болып саналады. Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлердің жаңарған тізімін және олардың статусын өзгертуді авторлар ұжымы талқылап, ол Қызыл кітап жайындағы Зоологиялық комиссияның отырысында қаралып, белгіленген тәртіп бойынша оны 1995жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті бекітті.

Қазақстанда «Қызыл кітап » Республика Үкіметінің 1978 жылдың  16-қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітіледі(Қазақ ССР Министрлігі Советінің № 20 қаулысы).Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді(1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді).Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде:сүтқоректілері– 37, құстар – 43,бауырымен жорғалаушылар         

- 8, қосмекенділер -1 және балықтардың 4 түрі тіркеледі. 1981 жылы Республика  Қызыл кітабының екінші бөлімі  жарық көрді.Оған өсімдіктердің  – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы  гүлді өсімдіктер(288), жалаңаш тұқымдылар(2),  қырықұлақақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» деп аталатын 2 томнан тұрады. Әрбір том бір кітап немесе бірнеше бөлім болып басылып шығуы мүмкін. Жануарларға арналған том 3 мәрте (1978,1991,1996) басылып шықты. Бірақ омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым дайындалып жатыр.

      Адам баласы жануарлар  мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми – фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен – көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойынауындағы табиғат байлықтарының бәрін '' патша қазынасы'' деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, өзен бойынан 3км жерге дейін ағаш кескендерді қатаң жазалаған.

    Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да елдерде қолдау тауып, Еуропа,Ресей,Қытай,Үндістан,Жапон елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген.Кейбір мемлекеттерде қорықтар,ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың  бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді.Ол 1948 жылы құрылды.Ұйымның мақсаты  - дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың »тізімі жасалды.Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

      «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО – ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР – ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

      «Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми – зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми – практикалық конфересиялар ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа» енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.

     Одан соң жануарлар туралы қарар қабылданып отырды. Мұндай шараларды ұйымдастыруда бұрынғы Зоология, қазіргі Генеқорлар институтының қызметкерлерінің де еңбегі зор.

      «Қызыл кітапқа» белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдай да ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:

   1 санат – жойылып бара жатқандар. Олар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қаблан, қызыл құм арқары т.б.

2 санат – саны азайып бара жатқандар. Мысалы, балқаш ала бұғасы, сары құтан, жұпар, құлан т.б.

    3 санат – серек түрлері (қазір жойылып кету қауіпі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат – қара ләйлек т.б.

    4 санат – белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан т.б.

    5 санат – Қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, кіші аққу, көк құс т.б.

      «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, өсімдіктерді жоюға тиым салынған. «Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. Сондықтан оған енген жан – жануарларды оқып үйрену, білу баршаның міндеті болып табылады.

      «Қызыл кітапқа» енген аң мен құстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мектептің кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз оларды қорғауға үлес қосатын боламыз.

Қазақстан Республикасының Қазал кітабына жануарлар мен өсімдіктердің сол немесе өзге түрін енгізуге және онын мартебесін айқындауға санының қисапсыз азаюы, таралу аймақтарының қысқаруы, тіршілік ету жағдайының қолайсыз өзгеруі туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту жөнінде шығу шаралар қолданудың қажеттігі туралы дәлел келтіретін кез келген басқа да деректер негіз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурыстарды қорғау одағының тізіміне енген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлардың түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізіледі. Жануарлар мен өсімдіктердің кез келген түрін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу немесе Қызыл кітаптан шығару туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жөніндегі зоологиялық және ботаникалық комиссияларға ұсынылады. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына , одан шығару және кез келген түрінің мәртебесі туралы мәселелерді қарау үшін ведомствоаралық, зоологиялық және ботаникалық, комиссиялар құрылады, олардың құрамына қарамастан осы салалардың жетекші мамандары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министірлігінің, табиғатты қорғау жөніндегі жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың және басқаларының) кіреді.   

Толығырақ: https://www.referat911.ru/Ekologiya/bioaluantrllk-zhne-ony-satau/421122-2976047-place3.html

...