0 дауыс
1.4k көрілді
1. Су астында сүңгуір қолындағы фонарикті су бетіне түсірді. Жарықтың толық шағылу қай нұскада дұрыс?

a. жарық түзу сызықты таралады

b. сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен жағдайда

c. жарық оптикалық тығызырақ ортадан оптикалық тығыздығы кемдеу ортаға өту кезде.

d. сыну бұрышы 90 0 болған жағдайда

2. Суретте оқушының айнаға дейінгі ара-қашықтығы берілген.
Оқушының айнадағы кескін ара қашықтығы нешеге тең?

a. 0

b. 10 см

c. 20 см

d. 40 см

3.Суреттегі жарық сәулесі шыныға 30 0 бұрышпен түсті.

i. Егер түсу бүрышын 25 0 ұлғайтсақ шағылу бұрышының шамасы нешеге тең? ………………………..

ii. Шынының сыну көрсеткіші 1,5 болса сыну бұрышын есептеңіз. ………

iii. Түсу бұрышы мен шағылу бұрыштарының арасы нешеге тең? ……………..

[3]

4.Линзаның фокус аралығы 10 см. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 30 см.

Жауабын см өрнектеніз

i. линзаның оптикалық күшін есептеніз.

ii. линзаның сызықтық ұлғаюы неге тең?

iii. кескін қайда орналасқанын сызыңыз?

iv. Кескінге сипаттама жаз

1 жауап

0 дауыс

Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Мөлдір 1-ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын 2-ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі 1-ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дененің табиғатына, оның бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. Бізге көрінетін денелердің басым көпшілігі өзінен жарық шығармайды. Егер жарық сәулесі түсетін бет жалтыр, тегіс болса (яғни түскен сәуле толқынының ұзындығы беттің бұдырларының биіктігінен үлкен болса), онда Жарықтың шағылуы айналық (“дұрыс”) шағылу деп аталады.

...