1)«Антибиотик» термині (anti – қарсы, bios - өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp.griseus продуцетін ашқан З. Ваксман енгізген болатын. Антибиотиктер – бұл антимикробтық бтологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жауар тіндерінен бөлінеді; химиялық жолмен синтезделуі де мүмкін.
2) Жалпы антибиотктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және басқа саларда қолданылады. Олардың ішінде пенициллиндердің, цефалоспориндердің, әсіресе оларды жартылай синтетикалық туындылары.аминогликозидтердің, макролиттердің, сонымен қатар синтетикалық препараттардың ішінде – фторхинолдардың өндірісі басым.
Антибиотктерді басқа биологиялық заттардан айыратын қасиеті – олардың антимикробтық әрекеті және бұл әрекеттің бір бағыттылығы болуында.
Медицинада қолданылатынантибиотиктер ветеринарияда, ауыл шаруашылығанда қолданылмайды және керісінше.
Антибиотиктер биосинтезінің түрлі жолдары.
Антибиотиктер екіншілік метаболитер болып, өскен дақылдың стационарлық фазасында, идиофазасында синтезделеді.
Антибиотиктер продуцент клеткаларының ішіне жиналып, тек аз мөлшерде клеткадан тыс қоршаған ортаға (нистатин) бөліне алады, сонымен қатар, клетка ішінде ортақ мөлшерде болып, тура солай белсенді түрде (ристомицин, кандицидин) немесе басым ортаға (стрептомицин, тетрациклин, макролидтер) бөліне алады.
Құрамында ароматтық туындылар қамтитын антибиотиктердің көптеген түрі бар. Олар микроорганизмдер клеткаларында ароматикалық аминқышқылдардың түрленуі кезінде аралық және ақырғы өнімдерден синтезделеді. Бұл шиким қышқылының биосинтетикалық жолы.
Осылай, хлроамфениколдың және коринециннің ілеспелі С-С байланыстары хоризмді. Қышқылдан (n-аминофенилаланин – аралық метаболит арқылы), рифамциннің ароматикалық компоненті – антранил қышқылынан; актиномициннің ароматикалық сақиналары – антранил қышқылынан және т.б. «ауыстырылады».
Негізгі бастапқы зат – шиким қышқылы эритрозо-4-фосфаттың (пентозо-фосфатты циклдің өнімі) фосфоенолпируватпен (гликолиз өнімі) конденсациялау нәтижесінде түзіледі де, одан кейін хоризмді қышқылға айналады.
Str.venezuelae клеткалармен хлроамфениколдың синтезі – ароматикалық аминқышқылы тирозиннің биосинтезіне ұқсас. Бірақ, хлроам-феникол синтезі езінде хоризмді қышқыл тирозин синтезі кезіндегідей n-оксифенилпирожүзім қышқылына айналмай, n-аминофенилпирожүзім қышқылына айналады.,
Көптеген антибиотиктер биосинтезінің негізгі кезеңі конденсация жолымен өтетін полимеризация реакциялары болып табылады:
- полимер тізбегінде кето- және метиленді топтардың кезектесіп ацетеат-малонатты (сирек пропионат-метилмалонатты) бірліктердің поликетидтегі синтезі;
- тиоматрицалық механизмі бойынша олиго- және полипептидтер түзілуімен жүретін амнқышқылдар;
- олигосахаридтердің түзілуіменқатар моносахаридтер (аминосахаридтер)
Бұл конденсация реакциялары микроорганизмдердің клетка қабырғалары компоненттері син\тезінің, метаболизм жолының негізгі реакцияларына ұқсас. Мысалы, поликетдті синтезін белгілі бір дәрежеде тиоматрицалық механизм, мембрана ретінде қарастыруға болады, ал көмірсу табиғатты антибиотиктер түзілуін грам теріс макроорганизмдердің клетка қабырғаларның полисахаридтер синтезіне ұқсастығы бар.
Полимеризациямен қатар антибиотиктер біріншілік метаболиттердің модификациясы жолымен немесе бірінші модификацияланаған метабулиттердің конденсацясымен синтезделе алады. Жеке антибитиктердің синтезі нуклеозидтердің метеболизмімен байланысты.
Стрептомицин, сизомцин және гентамицин сияқты аминогликоздтердің құрылымдық формулаларына жасалған сараптау негізінде айтуға болады, олардың биосинтезі көмірсулардың (глюкоза, аминоқанттар) бірліктеріне негізделген. Глюкозадан амногликозд молекулаларындағы қант қалдықтарынан бақа, олардың аминоциклоттық ферменті де синтезделе алады. Стрептомцин моликуласының басқа екі фрагменті пентоза (стрептоз) және L- глюкозамин де көмірсу текті. Стептомицин малекуласының синтезі осы 3 компонентінқосылуымен аяқталады. Антбиотиктің босинтезін микроорганизмдердің жиырмадан астам түрі ферменттері жүзеге асырады.
Жалпы актиномцеттермен және кейбір мицеллалы саңырауқұлақтармен снтезделетін 150 астам нуклеозид табиғатының антибиотиктері белгелі. Олардың биосинтезі пуриндік және пиримидиндік нукеотдтердің метоболизм жолының синтезіне ұқсас. Мысал ретінде, Str.antibioticus түзетін вирусқа қарсы видарабин деген антбиотик жолынан пайда болды.
Фунгицидтық қасиеті бар және ауыл шаруашылықта қоданатын полиоксин туыстығының антибиотиктер тобы тура сол нуклеозидтік табиғаттың және уридиннің метаболим жолының шығырылған.
Антибиотиктердің көп мөлшері поликетидті жолмен синтезделеді. Бұлар эритромицин, тетрациклин, рифамицн, макролдтер, полиэфирлік антибиотиктер. Олерды көбінесе актиномицеттер, сирек миксобактериялар және псевдомонадтар өндіреді. Аталмыш антиботикалық қосылыстардың полимеризация механизмі клеткалық мебраналардағы май қышқылдардың биосинтезіне ұқсас. Сонымен қатар қоса реакцияларды жүзеге асыратын біріншілік құрылымы ферменттердің биохимиялық реакцияларға да ұқсас.
Сөйтіп, актиномицеттердің күрделі тиоэфирлік қосылысты түзетін активті түрдегі ацетаттың және малонаттың конденсациясы (ацетил СоА) екі синтезбен жүзеге асырылды – І және ІІ типті поликетометиленсинтезі; бұл бастапқы биосинтез үрдісі поликетідті антибиотиктерге және май қышқылдарда ұқсас.
Пропион қышқылы және пропил спирті макролидті антибиотиктердің биосинтезін метилмалонил СоА арқылы ширатады.
Тетрациклиннің синтезін малонды қышқылдың моноамиді күшейтеді.
Эритромицин – бұл кето- және метилді топтары бар 14-атомды лактонды макроцил, оның қант қалдықтары келесі құрылыс белоктардан аонденсацияланады – ацетаттың 1 молекуласы, малонттың 4 молекуласы, метилмалонттың 7 молекуласы және этилмалонаттың 1 молекласы.
3)Антибиотиктерді неліктен өз бетімен тағайындауға болмайды?
Барлық антибиотиктердің химиялық құрылымы мен әсер ету механизмдерінің өзгешеліктеріне қарамастан, ерекше ортақ қасиеттері болады.
Біріншіден, антибиотиктердің ерекшелігі сол, басқа дәрілерге қарағанда нысана-рецепторлары адамның тіндерінде емес, микроорганизмдердің жасушаларында болатындығында.
Екіншіден, антибиотиктердің белсенділігі тұрақты болмайды, уақыт өтке сайын төмендей бастайды, бұған себеп дәрілік тұрақтылықтың (резистенттіліктің) қалыптасуы. Тұрақтылық антибиотиктерді негізсіз және жиі пайдаланудан, және сіз емдеу курсынан толық өтпесеңіз пайда болады. Антибиотикке резистенттілік шарасыз биологиялық құбылыс болып таблыады және іс-жүзінде оның алдын алу мүмкін емес.
Үшіншіден, антибиотикке резистентті микроорганизмдер олар анықталған пациент үшін ғана емес, тіпті уақытпен және кеңістікпен бөлінген басқа адамдар үшін де қауіпті. Сондықтан антибиотикке резистенттілікпен күресу қазіргі уақытта ауқымды мәселеге айналды.
Мысал үшін: өкпенің қабынуы – емдеу 10 — 14 күн, зәр шығару жолының инфекциясы – 20 күнге дейін. Бұл ақша «суыру» мақсатында жасалмайды. Барлық патогенді қоздырғыштардың көзін құрту қажет. Сіз антибиотикті 3 – 4 күн қабылдайтын болсаңыз, жағдайыңыз жақсарып қалады да, оны ішуді тоқтатасыз, олай емделудің мәні жоқ. Бәрібір бактериялардың бір бөлігі аман қалып, көбейген кезде мутацияға ұшырап бейімделіп кетеді.
Бұл әсіресе педиатрияда толғандыратын мәселе. Бала өзін жайсыз сезінсе, ЖРВИ белгілері болса бірден антибиотик береміз. Кейіннен бұл балаларда антибиотиктерге резистенттілік пайда болуы мүмкін.
Дәріханаға барудың және фармацевттердің пікіріне сүйенудің қажеті жоқ. Неге? Біріншіден: жайсыздықты қандай бактерия тудырғандығын сіз білмейсіз. Және антибиотикті сатып алудың ондай жағдайда көзсіз сатып алудан еш айрымашылығы жоқ. (неге қолым тисе – сол менікі). Антибиотиктер вирусқа әсер етпеген күннің өзінде!!! Екіншіден: егер сіз фармацевттен кеңес сұрасаңыз, ол сізге ең кең ауқымды әсер ететін антибиотикті ұсынады. Үшіншіден: сіз толық емделу курсы қандай екендігін білмегендіктен аяғына дейін жеткізбейсіз.
Егер антибиотиктерді дәрігердің нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдайтын болсаңыз, жанама әсерлердің даму ықтималдығын ең төменгі дәрежеге жетікзесіз. Алайда ол бар және ағзаның жеке ерекшеліктеріне және антибиотиктің түріне байланысты.
Бірақ ең бастысы: бактериялық инфекцияларды болдырмас үшін антибиотиктер туралы мүмкіндігінше ойлауға тырыспаған жөн, әсіресе дәретханаға барғаннан кейін, тамақтану алдында, сондай-ақ шикі етке қол тигізгеннен кейін қолды сабынмен жиі жуып тұрса жеткілікті (бактерияға қарсы сабынмен жуу міндетті емес)!
Антибиотиктерді белгілі бір айғақтар бойынша дәргерд ғана тағайындауы тиіс, антибиотикті таңдау аурудың сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ пациенттің бұрын алған препараттарына байланысты. Және тек дәрігер ғана микробқа қарсы препаратты ауыстыру мәселесін шеше алады.