0 дауыс
329 көрілді
Бір көріп бір қызды алып қаштым. Ойымда үйлену керек деген принцип тұрды. Ол қыздың əке шешесі жоқ тұл жетім. Уақыт өте жақсы көріп кетем деп ойлағам, бірақ жүрекке əмір жүрмейді екен. Менің əйелім емес как будто қарындасым сияқты болып кетті. Сəл ауыр сөзге жылай береді. Ажырасып кетейін десем өмірін уайымдаймын оның үстіне уже аяғы ауыр. Ажыраспайын десем арамызда салқындық, жəне өзімді іштей кінəлəп жегідей жеп біттім. Түнде ұйықтаудан қалдым уайымнан. Кейде өз өзіме қол жұмсағым келеді қыздың өмірін қор қылдың деп. Не істесем болады айтыңыздаршы.

1 жауап

0 дауыс

Өз ісіңізге жауапкершілікті толық алыңыз. Сіз оны аяған болып, жасырын түрде өзіңізді аяп отырсыз. Сізді оны алып қашып, одан қалса аяғын ауыр етіге ешкім мәжбүрлемеді. Сіз сүймей жүрмін дей бермей нағыз махаббат сыйластықта екенін түсініңіз. Әйелді тәрбиелеп үлгі болатын еркек. 

Сіз жарайды, басында бәрі жақсы болып кетеді деп осы жолды таңдапсыз. Енді ойыңыздағыдай нәтиже көрмей қалсаңыз кішкене бала ұқсап, бас сауғалап өзіңізді аяудың қажеті жоқ. Басында қойған мақсатыңызға жетіп көріңіз. 

Ол қызды өзіңізге жақын тартып, жеке көп қыдырып, қыз бен жігіт қалай жүреді солай оны күтіңіз. Жылағанына мән бермеңіз, аяғы ауыр болғандықтан болар. 

 Отбасы құрар алдын салғырт қарамау керек, ал жасалған істен бас сауғалап қашпай шешімін іздеу керексіз.

Бақытты болыңыздар.

...