0 дауыс
938 көрілді
Кейінгі кезде қолтық тердеуді шығарды. Бұрын қатты күн ыстықта терлейтін. Бүгн магазинге барып келгенше колымның асты су болып кетті. Иіс шықпайды, сасымаймын. Осы тершеңдікті қалай жойсам болады? Асқынып кетіп сасып жүргім келмейді. Практикадан  өткен, басыңызда болған жағдайды жазсаңыздар екен.

1 жауап

0 дауыс

Адам болғасын барлығы терлейді ғой. 

Бірақ аса тершеңдіктің өз себептері бар.

Түнде қатты терлесеңіз (гипергидроз) ол өте қауіпті. Бұл дегеніміз онкологиялық аурудың белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы Висбадендегі Дерматология мен аллергология клиникасының директоры Кристиан Байерл айтты.

Профессордың айтуынша, бұлай болудың себебі лимфома мен лейкоздың әсерінен болуы мүмкін.

Әсіресе түнде шылқып терлегеннен қауіптену керек. Сонымен қатар, дене қызуы көтеріліп, себепсіз салмақ тастау да онкологиялық аурудың белгілері болып табылады.

Егер адам ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамай, салқын бөлмеде жатқанның өзінде терлесе, онда қалқанша безін тексерту керек.

Сондай-ақ, тершең болып, оның үстіне шөл қысса бұл диабеттің белгілері болуы мүмкін.

Жатарда дәмдеуіштер қосылған аса ауыр тағам жеп жатса да, тершеңдікке әкеп соғады.

Бұл жағдайлардан өзге дене белсенділігі немесе градустың көптігінен пайда болған тер қалыпты жағдай. Тек жеке бас гигиенасын сақтансаңыз болғаны.

...