0 дауыс
544 көрілді
Абдурахман есімі балаға ауыр келе ма? Менің балам жиі ауырады?

1 жауап

0 дауыс

Ол ойды миыңыздан алып тастағаныңыз дұрыс, жақсы сөз жарым ырыс деген бар. Может жай -күйі болмай жүргеннен ауырып жүрген болар. 

Осы ой туралы бір пікір таптым, және соған мен де келісемін:

Қазақта балаға берілген ұлы тұлғалардың есімі ауыр тиеді деп есептейді. Энограф бұл тұрғыда ойын білдірді.  

"Қиын болмайды. Мысалы Мұхамед есімін қазақ баласына иманы кәміл, жүзі жарқын, жолы ашық, ғұмыры ұзақ, беделі жоғары, абыройы асқақ, білімді, білікті, елге сөзі өтімді болады деп ырымдап қояды", - дейді Болат Бопайұлы.

Баланы бесікке салу тойымен бірге ата-аналар үлкен ауыл адамдарын жинап, ақ-сары бас малын, болмаса көк қасқа тайын, ақ түйенің қарнын жарып немесе өгіз сойып, шама шарқына қарай тамаша бір кәделі той жасап, туыс-туғандарын шақырған.

"Қазақта ат қою дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұлағатты, ұлы дәстүрлеріміздің бірі. Мұны да керемет тәртіпке санап, сапалы тойласақ рухани жаңғырудың тамаша жолы болмақ. Қазақ ғалымдары атты үнемі жақсылыққа қоятын, жамандыққа жорымаған. Аты жаман қойылса, кейін ол тағдырына, мінезі мен көңіл-күйіне, айналасындағы жақындарына әсер етеді деп ойлаған. Ал жаман есімді тек амалсыздан, қатты қиналған сәттерде ғана берген", - деп түйіндеді этнограф.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/adamnyin-tagdyiryi-esmne-baylanyistyi-ma-etnograf-kazaktyin-385780/

...