0 дауыс
795 көрілді
. ГМО қай мемлекеттерде кең қолданылады?

1 жауап

0 дауыс

Өнімде өзгерген ген барын тек зертханаларда күрделі зерттеулер нәтижесінде ғана білуге болады.

Кең таралған пікірлерге сүйенетін болсақ,алма,немесе помидор ұзақ уақыт сақталса,және жемісінің түсі ашық бояулы болса,ондай жемістерде міндетті түрде бөтен ДНҚ болуы  тиіс.Алайда, бұл пікір дұрыс емес,өйткені химиялық препараттарды қолдану әдісі қазір жоғары деңгейге жеткендіктен мұндай өңдеуден өткен жемістер мен көкөністер ұзақ уақыт сақталады.

Өнімде ГМО бар немесе жоқ екенін білу үшін алдымен оның маркіленуіне назар аудару қажет.Өнімнің орамасындағы құрамы туралы мәліметке қарап,соя немесе жүгері негізінде даярланған өнімдерді қолданудан бас тартқан жөн, себебі,қазіргі таңда ең көп модификацияланған өсімдіктер соя мен жүгері болып табылады.

Біздің еліміздің дүкендерінде гендік модификацияланған өнімдердің бар немесе жоқ екендігін біз қайдан біле аламыз?Ақпарат көздеріне сүйенсек,Қазақ тағамтану академиясынан басқа біздің елімізде ешбір мекеме гендік модификацияланған өнімдерді зерттеумен айналыспайды екен. Және де аккредитацияланған зертханалардың болмауы салдарынан шет елдерден әкелінген  тауарлардың құрамындағы трансгендерді  ешкім анықтап жатқан жоқ. Сондықтан осы жұмысты жазу барысында мен көрші Ресей Федерациясында бұл жағдайдың қалай шешіліп жатқандығын білуге ұмтылдым. Ресей нарығында ГМ өнімдердің келесідей  түрлері сатылымға шығарылған екен.

Mars компания –өндіруші

  • M&Ms
  • Snikers
  • Milky Way
  • Twix
  • Nestle
  • Milk Chocolate Nestle
  • Nesquik(шоколадты сусын)

Соса-cola компания –өндіруші

  • Coca-cola
  • Sprite
  • Cherry –coca
  • Minut Maid Grape
  • Danon –йогурт,сүзбе,айран және балалар тағамын өндіруші
  • Nestle-шоколад,кофе,балалар тағамын өндіруші.

Қандай тағамдарда гендік модификацияланған қоспалар болуы мүмкін?

  • Соя (бұршақ,концентрат,ұн,сүт)
  • Жүгері(ұн,консервілер,поп-корн,май,чипсы,крахмал)
  • Картоп (жартылай фабрикаттар,құрғақ пюре,чипсы,крекер т.б)
  • Қызанақ (томат пасталары,кетчуп,пюре,соустар)
  • Кәді
  • Қант қызылшасы (тағамдық қызылша,қант)
  • Бидай
  • Күнбағыс майы
  • Күріш және одан жасалған өнімдер(ұн,чипсы)
  • Сәбіз
  • Пияз

Ресей нарығында ГМ-өнімдер 90жылдарда пайда болды.Ал қазір бұл елде ГМ-өнімдердің 17  түріне рұқсат берілген. Олар:

Жүгерінің 17 сұрыптамасы

Сояның 3 сұрыптамасы

Картоптың 3 сұрыптамасы

Күріштің 3 сұрыптамасы

Қызылшаның 5сұрыптамасы

Микроағзалардың 5 түрі.

Көрші Қытай Халық Республикасындағы фермаларда зиянкестерге төзімді генетикалық модификацияланған  күріш өсіру ауылшаруашылығының  тиімді әдісіне айналғанына біраз уақыт болды.Бұл ел генетикалық модификацияланған күрішті өндіру мен бүкіл әлемдік таратуға жақындап қалды деуге де болады. Ал бұл күрішті тағам ретінде пайдаланудың зиян немесе зиян еместігіне ешкімнің көзі жетіп отырған жоқ.Қорытындылай келсек,жоғарыда жазылған деректерге сүйене отырып, біздің еліміздегі ГМ-өнімдер туралы да мәлімет алуға болатынын аңғарамыз.

...