0 дауыс
1.7k көрілді
Үймереттер мен ғимараттар

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Үймерет ( сооружения) -жер үсті, жер үсті және (немесе) жер асты бөліктері бар, тіреу, ал жекелеген жағдайларда қоршау құрылыс конструкцияларынан тұратын және әртүрлі өндірістік процестерді орындауға, өнімді сақтауға, адамдардың уақытша болуына, адамдар мен жүктердің орын ауыстыруына арналған көлемді, жазық немесе желілік құрылыс жүйесі.

Құрылыс жөніндегі ғылыми-техникалық әдебиетте "үймерет" термині тар мағынада да "ғимарат болып табылмайтын ғимарат құрылысы"мағынасында қолданылады. Мысалы, инженерлік-техникалық құрылыстар: көпірлер, бөгеттер, мачталар, радио - және телемұнаралар, тоннельдер, Метрополитен құрылыстары, фортификациялық құрылыстар, мемориалдық құрылыстар (ескерткіштер, мемориалдық пирамидалар мен обелискілер), сәулет құрылыстары (аркалар, колонналар, обелискілер) және тағы басқалар. Үймеретті кейде имарат депте айтады.

Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады.

Оңай ажырату үшін былай қарасаң болады: ғимарат адам тұратын, үймерет адам тұрмайтын.
0 дауыс

Барлық ғимараттар мен үймереттерді олардың қаттылығы мен деформациялық негізді бойынша абсолютті қатты, абсолютті майысқыш және шектік қаттылығы бар деп бөлуге болады.

Абсолютті қатты үймереттер негізді салыстырмалы біркелкі қысыммен және симметриялық енгізуде біркелкі шөгуді қабылдайды. Біркелкі емес деформация негізде негіз конструкциясының майысуынсыз кренді қабылдайды. Домдық пештер, темірбетонды плиталар негізіндегі сунапорлы мұнаралар жөне т.б.

Абсолютті майысқыш үймереттер топырақ негізінің шөгіуін қарастырады. Егер біркелкі емес шөгулер пайда болса, онда үймерет конструкциясында ешқандай қосымша күштер мен салмақтар пайда болмайды.

Шектік қаттылығы бар үймерет біркелкі емес деформация кезінде майысулар алуы мүмкін . Іргетас табанына түсетін күштерді кейбір бөлулер арқылы олар жиі біркелкі емес шөгуді азайта алады. Бұндай үймереттерге , үймерет көтергіш конструкциялары мен негіз топырағының қосылған жұмысын ескерген жөн болады.

Егер негізге түсетін біркелкі емес деформациясы өсуін ескерсек, ғимарат пен үймереттердің қаттылығын, онда жылжу мен деформациясының келесі формаларын көрсетуге болады:

1. Крен іргетастың абсолютті әркелік шөгуінің 2 нүктесін қарастырады, сол нүктелердің арақашықтығына байланысты (1.2 сурет).

2. Ғимарат пен үймереттің қайта қиысуы – бір бойда немесе көлденең ось бойынша орналасқан бірнеше іргетастар немесе 2 түрлі шөгулер (1.3 сурет).

мұнда: Sл жәнеSn 2 іргетастың немесе жалпақ іргетастың шеткі шөгу нүктелері.

3. Есептік майысу ішке немесе сыртқа , ғимарат пен үймеретті бағалау майысу сызығының ғимараттың майысқан бөлігінің ұзындығына және майысқан бөлігіне қатынасы(1.4 сурет).

4. Айналу үймереттің ұзындығы бойынша бірелкі емес кренді көрсетеді, әсіресе 2 кескіннің әр жаққа кетуін.

5. Іргетастың көлденең бойымен жылжуы конструкциядан негізді көлденең бойымен күштер түсуімен шығады.

Іргетас, негіздің шектік жағдайы және оларды жобалаудың принципі. Іргетастан күш салмақты топыраққа аударғанда топырақта нығыздау деформациясы пайда болады, олар көбінесе біркелкі емес болады, сондықтан көтергіш конструкцияда кейбір қираулар тудырады. Іргетастың негізінің деформациясын техникалық жағдайларға байланысты немесе сәулеттік бейнесінің мүмкіндігіне қарай шектеледі. Соған байланысты ғимарат пен үймерет негізінің есебі екінші топ бойынша деформацияның шектік жағдайы анықталады. Кейбір жағдайда , әсіресе топырақ бос болса , іргетас астындағы топырақтың толық тұрақтылығын жоғалтуы мүмкін. 1 топ есебімен шектік тұрақтылыққа есептелінеді. Іргетас пен негізді жобалаудағы осы шектік жағдай есептері бастапқы принциптердің бірі болып келеді. Бұдан басқа , торы 2 принципті ескерген жөн –«негіз – іргетас-жерасты конструкцияларының » жүйелерінің бірігіп жұмыс істеуін және негізге топырақтың жұмыс істеу түрі мен іргетас типін таңдау кезіндегі комплексті ізденістер жүргізу. Бұл жобалауды қиындата түседі

Жобалау кезіндегі барлық факторлардвң комплексті есепті және іргетастың құрылғысы проф. Б.И. Далматов құрастырған . Ол келесі жағдайға әкеледі: не салынады (біркелкі емес деформацияға ғимараттың сезімталдығы ), ненің үстінде салынады (инженерлік – геологиялық жағдайы ) және қалай салынады (топырақтың табиғи жүйесінің бұзылмауына қарсы шамалар).

Толығырақ: https://mylektsii.ru/7-124881.html

...