1) Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Әуелі етіп білік басыңды қос,
Соннан соң әр мұраттан қалмассың бос.
Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,
Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.
Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар ...»
Болады тұрсң тұтас дұшпан да дос.
Алатауың ала болып тұрған күнде,
Асыңның ауызыңдағы кетуін тос.
Таласты алалықпен тастамасаң,
Бір күні туған жерге айтарсың «қош».
Бірлікпен илеу салған құмырысқа да
Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.
Сәбит Дөнентаев
2) Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
автор: Маштакова Жаннат
3) Кең-байтақ жеріміз,
Татулық тұрағы.
Бауырмал еліміз,
Ынтымақ ұраны.
Жаңғыртып даланы,
Шырқап ән салады.
Халықтар достығы –
Бірліктің қамалы.
Қызыққан шартарап,
Береке – тірлігі.
Құрған сән-салтанат,
Жарасқан бірлігі.
Серік Әкірамұлы
4) Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
5) Берік болса бірлігім –
Биік болар жұлдызым.
Бақытты боп ұл-қызым,
Күлімдесін нұр-жүзім.
Қанатымыз талмасын,
Биіктерге самғасын.
Туған жерге ақындар,
Жақсы өлеңін арнасын.
Алмат Исәділ
6) Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.