0 дауыс
986 көрілді
Саламатсыздар ма?Менің сұрайын дегенім менеджмент мамандығына Қазақстан бойынша сұраныс қандай.Оған жұмыс табылады ма?Және оны таңдағаннан кейін өкініп қалмаймын ба?

Алдын ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс

Бакалавриат 5B050700

Оқу нысаны:

  • күндізгі (мектеп негізінде) - 4 жыл;
  • күндізгі (КОБ негізінде) – 3 жыл;
  • сырттай (КОБ негізінде) - 3 жыл;
  • сырттай (КЖБ негізінде) - 2 жыл.

Академиялық дәреже – экономика және бизнес бакалавры

Магистратура 6M050700

Оқу мерзімі: 1-2 жыл.

Академиялық дәреже - 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі. 

Оқу мерзімі – 1 жыл.

Академиялық дәреже – 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. Оқу мерзімі – 2 жыл.    

«Менеджмент» мамандығы бүгінгі күні дайындықтың аса танымал бағыттары қатарына жатады.   Кәсіби басқарушылар экономиканың барлық салаларында сұранысқа ие, ал мамандану өндірістен кинематографияға дейін, медицинадан спортқа дейін барлық салаларды қамтиды. 

Атаулы терминнің Оксфордттық сөздіктегі бүгінгі күнгі түсінігі бойынша менеджмент дегеніміз: 

  • қызмет түрі, түрлі ұйымдардағы адамдарды басқару үрдісі,
  • адам білімінің саласы, ерекше өнер, басқару дағдысы,
  • басқару бойынша жұмысты орындайтын, сала, кәсіпорын, бөлімше менеджерлерінің жиынтығы (тобы), адамдардың белгілі бір категориясы.  

«Менеджмент» мамандығына күндізгі бөлімге түскен студенттердің әскери кафедрада оқу мүмкіндігі бар. 

Менеджердің қызмет саласына келесілер енеді:

  • компаниялардың қаржылық ағымдарын басқару;
  • инвестициялар мен инновацияларды басқару;
  • тауарлар мен тауарлық маркаларды басқару;
  • компания қызметкерлерін басқару; 
  • маркетингті басқару; 
  • тауарды сатып алушылар және жеткізушілермен байланысты басқару. 

Жұмыс орны:

Ешбір ұйым, ол банк болсын немесе мемлекеттік мекеме болсын, менеджерлерсіз әрекет ете алмайды – өйткені фирма құрылған соң, бірден оны басқару қажеттілігі туындайды. Заманауи менеджерлер дәл осы жұмыс түрін атқарады. Менеджмент – негізгі және сұранысы мол мамандықтардың бірі.

Егер сізде көшбасшылық қасиеттер болса, егер сізді кез келген компанияда қызығушылықпен тыңдайтын болса, ал қиын жағдайларда сіз өздігіңізбен шешім қабылдай алсаңыз ... Сізден жақсы басқарушы шығуы мүмкін. «Менеджмент» мамандығына түсіңіз.

Толығырақ; https://www.ektu.kz/departments/fitib/eim/sm.aspx

...