0 дауыс
463 көрілді
Әйелім 4 баламды алып кетіп қалды. Қазір ұлым үйге келіп қалды. Қалған үшеуін көрсетпеймін дейді. Үлкен қызым 14-те. Ұлым 11-де. 3 қызым 9-да. Кішкентай ұлым 1 жарым жасар. Мен өзім 2 топ мүгедекпін. Үйде кішкентай ұрыс болады. Сен мүгедексің, ажырасам деп үйден кетіп қалды. Қандай көмек бар?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Балалары бар болған жағдайда оның тәрбиесі кімге жүктеледі?

Статистикаға жүгінетін болса ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда 90 % бала анасында қалады

– Бірақ заң алдында ата-аналар баланы өсіруге тең құқылы. Балаға кім жақсы тәрбие беріп, оның өсуіне жақсы жағдай жасай алса, бала соның тәрбиесіне өтпек. Кейде анасының ішімдікке салынуына байланысты әкелеріне беріліп жатады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей көп жағдайда анасында қалады.
Егер сот баланы анасында қалдырған жағдайда, әкесі баланы көре алмайды деген сөз емес. Ол өз баласын көруге құқылы. Көп жағдайда әйел адамдар балаларын әкесімен кездестірмей жатады. Осындай жағдайда әкесі баласымен кездесу уақытын белгілеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Іс қарау барысында сот әкесінің қай уақыттан қай уақытқа дейін баласын көре алатындығы анықтап арнайы кесте құрайды.
Бала 10 жастан асса «Балалар құқықтары туралы» және «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес, өзінің кіммен тұратындығын таңдау бойынша пікірін айтуға мүмкіндігі бар. 14 жастан асқаннан кейін бала кіммен әрі қарай тұратынын өзі таңдау жасайды.

Қандай жағдай болмасын Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның 26-бабы бойынша баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Ал бала кімде қалуын ата-анасы келісу арқылы шешеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

https://surak.baribar.kz/539504/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...