0 дауыс
455 көрілді
Сәлеметсіздерме. Менің сіздерге сұрағым бар. Маған мектептегі мұғалімдер алтын белгі береміз деді. Сосын қызыл аттестат береміз деп отыр. Менің 1 сыныптан барлық қорытынды бағам 5. Алтынды жылдық қорытындылары 5-11ге дейін 5 болған оқушылар алуы керек екен. Мен неге алтын белгі ала алмаймын. Не істесем болады?

2 жауап

0 дауыс

Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Алтын белгі" белгісі туралы" ереже бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпаратты технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралында және "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйеде ресми жариялауын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Саринжипов

 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрлігнің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 532 бұйрығымен
бекітілген

"Алтын белгі" белгісі туралы
Ереже

      1. Осы Ереже "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 8-3) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. "Алтын белгі" белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда:

      1) үлгілі мінез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беруді оқу бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде "5" деген жылдық және қорытынды бағалары бар;

      2) жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан "өте жақсы" деген бағамен өткен білім алушылар марапатталады.

      3. "Алтын белгі" белгісімен білім алушыларды наградтау білім беру ұйымы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.06.2017 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

      5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.

      6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.

      7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларға қолданылады.

      8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 "Алтын белгі" белгісі
туралы Ережеге қосымша

"Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы

      "Алтын белгі" белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгі" жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.

      Белгінің артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14H0010115

0 дауыс
Менде бари ережеге сай. Мугалимдер алмайсын деди, болд. Мугалимге айтсам, озиме урысты. Биыл бизден 5 кыз алайын деп жатыр. Маган обидно. Оз колында турмаган сон

Ұқсас сұрақтар

...