+1 дауыс

MacBook Pro-да номер белгісін клавиатура қазақ тілінде тұрғанда қалай қоюға болады? Орыс тілінде еш қиындықсыз қоюға болатынын білемін, ал қазақ тілінде номер белгісін қоюды таппай жатырмын. Ағылшын тілінде № белгісін # осы белгімен ауыстырып қояды екен. Бірақ ТМД елдерінде  белгісі әлі күшінде. Сол себепті білетіндер болса айтып кетіңдерші.

24.04.2020 723 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Қазақ тілі таңдалып тұрса: Ю әрпінің жанындағы батырма.

Егер орыс немесе ағылшын тілі таңдалып тұрса

<shift>+<3>

шифт пернесін басып тұрып 3 санын басасыз. Нумпадтағы 3 емес, әріптердің үстіңгі жағындағы 3.

таңдалған тілге байланысты № немесе # болып түседі.

25.07.2020
үздік деді
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы