0 дауыс
487 көрілді
Менің жасым 12-де қыз баласымын, ораза ұстағым келеді, бірақ бірінші рет ұстағалы тұрмын қандай сүре оқылады? Уақытынан кішкене кешіксе не болады?

1 жауап

0 дауыс

Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді? Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы ӨМІРБЕК жауап береді:

– Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні» жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!». Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды. Ал сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе деген сауалға қатысты айтарым, сәресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таң намазының кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазының уақыты кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керек. Құран Кәрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: «...Таңға дейін, (яғни) «қара жіп» «ақ жіптен» айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар...». Бұл аяттағы «қара жіп» – түнді, ал «ақ жіп» таңды білдіреді. Яғни, қараңғылық кетіп, таң анықтала бастаған уақытта ішіп-жеуді тоқтату керек деген сөз.

Оразаны Алла разылығы үшін ұстағандықтан, бар тәртібіне өз игілігіңіз үшін тура бағынуға тырысыңыз. Сіздің ораза ұстауға деген шешіміңіз Алла разылығына бағытталу керек. Ол ешқандай да еліктеуге(дос, туыс) немесе өз қажеттіліктеріңізге(салмақ тастау және т.б.) арналмауы тиіс. Сонда сіз барлық ережесін анық орындайсыз деп ойлаймын. 

...