0 дауыс
4.4k көрілді
Көміртектің тотықтарын атап, формуласын жазыңдар. Көміртек қос тотығы қандай радиацияны өзіне сіңіреді?

1 жауап

0 дауыс

Көміртек II және IV валенттілігіне сәйкес оксидтер CO мен СО2 түзеді.

Көміртек (II) оксиді CO

Алынуы

Өнеркәсіпте (домна пештерінде) кокс жанып, көмірқышқыл газына айналады. Ал оттегі жетіспегенде көмірмен әрекеттесіп көміртек (II) оксидін түзеді.

С + О2 = СО2

СО2 + С = 2СО

2С + О2 = 2CO

Ауадан сәл жеңіл, түссіз улы газ, суда нашар ериді. Иіс газы деп аталады. Қалыпты жағдайда сумен әрекеттеспейді.

Химиялық қасиеті

CO тұз түзбейтін оксид, көбінесе жоғары температурада тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық, синтезде қолданылады. Қыздырғанда металл оксидтерінен металды тотықсыздандырады.

CuO + CO = Cu + СО2

SiО2 + 2СО = Si + 2CО2

Көмір (II) оксиді - ауада көгілдір жалынмен жанатын газ.

2СО + О2 = СО2

Көміртек (IV) оксиді

Көміртек (IV) оксиді - СО2, түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын, жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ (ауада 0,039%). СО2 - көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан (D (ауа) = 1,52) жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелерін қолданады. Сондай-ақ белмелерді де жиі желдету қажет. Ол оңай сұйыққа айналады (5, 7 мПа қысымда, 20°С), ал - 78,5°С қатты күйге де (құрғақ мұз) айнала алады.

Құрылымдық формуласы О = С = О

Алынуы

1) жану реакциясы

С + О2 = СО2

2) карбонаттар айырылғанда

СаСО = СО2↑ + СаО

3) зертханада

СаСО3 + 2HCl = СO2↑ + СаСl2 + Н2O

4) негіздік тұздар айырылғанда

(CuОH)2CО3 = СО2 + 2СuО+ Н2О

5) органикалық заттар жанғанда

СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О

Химиялық қасиеттері[

СО2 - қышқылдық оксид, оған көмір қышқылы сәйкес келеді. Мынадай реакцияларға түседі:

1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

СО2+ СаО = СаСО3

2) негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді:

СО2 + Са(ОН)2 = СаСО3↓ + Н2О

3) кальций карбонатының судағы ерітіндісіне көмірқышқыл газын артық мөлшерде жібергенде тұнба жойылып, ерімтал қышқыл тұз түзіледі:

СаСО3 + Н2О + СО2 → Са(НСО3)2

4) сумен әрекеттескенде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылын береді:

СО2+Н2О ↔ Н2СО3

Кальций гидроксиді, ізбес суы, әк сүті, көмірқышқыл газына сапалық реакция жасайтын реагент болады (СаСО3 ақ тұнбаның түзілуі).

Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3↓ + Н2О

Қолданылуы

Өрт сөндіргіштерде, газдандырылған сулар алғанда, тоңазыткыштарда қолданылады. 

...