0 дауыс
9.5k көрілді

№1есеп   Магнит индукциясы сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50см өткізгіштен 4 А ток өткенде әсер ететін күш 0,16 Н. Магнит индукциясының мәні неге тең?

№2 есеп   Индукциясы 15 Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан 4 А ток өтетін түзу өткізгіштің әр 10 см ұзындығына 6 Н күш әсер ететін болса, өткізгіш пен өрістің күш сызықтарының арасындағы бұрыш қандай?

№3 есеп   Ұзындығы 0,5 м түзу өткізгіш магнит индукция сызықтарына 30градус бұрыш жасай орналасқанда 18 Н күш әсер етіп, өтетін ток күшінің шамасы 3 Аболса, біртекті магнит индукциясы неге тең?(соs30= 0,86, sіп30= 0,5)

№4 есеп   Индукциясы 0,8 Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан активті ұзындығы 0,5 м өткізгішке 4 Н күш әсер етеді. Ток күші магнит индукциясы сызықтарына перпендикуляр болса шамасы неге тең болады?

№5есеп   Ұзындығы 2м түзу  өткізгіш индукциясы 4 Тл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Өткізгіштегі ток күші 3 А. Ток бағыты мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш 30 градус. Өткізгішке әсер ететін күшті анықтаңыз.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Берілген есептер Ампер күшіне арналған. Формуласы: F = B I L sin α

Ампер күші - F (өлш. бірл. Ньютон - Н)

Индукция - B (өлш. бірл. Тесла -Тл)

Ток күші - I (өлш. бірл. Ампер - А)

Өткізгіштің ұзындығы - L (өлш. бірл. Метр - м)

Өткізгіш пен өр. күш сыз. арасындағы бұрыш - α (альфа деп оқылады, өлш. бірл. Градус - ° )

1 есеп: Перпендикуляр орналасса, α = 90°, sin 90° = 1. 

B - ны табу керек. 

B = F /  (I * L * sin α) = 0,16 Н / (4 А * 0,5 м * 1) = 0,8 Тл

Жауабы: B = 0,8 Тл

2 есеп: sin α - ны табу керек. 

sin α = F / B I L = 6Н / (4А * 15 Тл * 0,1 м)  = 1

sin α = 1 болса, α = 90°

Жауабы: α = 90°

3 есеп: B = F /  (I * L * sin α) = 18Н / (3А * 0,5м * 0,5) = 0,75 Тл

Жауабы: B = 0,75 Тл

4 есеп: Перпендикуляр орналасса, α = 90°, sin 90° = 1. 

I = F /  (B * L * sin α) = 4Н / (0,8 Тл * 0,5 м * 1) = 10 А

Жауабы: I = 10 А

5 есеп: sin 30° = 0,5

F = B I L sin α = 4 Тл * 3 А * 2 м * 0,5 = 12Н

Жауабы: F = 12Н

0 дауыс
Бер:

l=50см=0.5м

I=4A

F=0.16Н

В=?

F=BIl

B=F/Il=0.16/4*0.5=0.08Тл

Ұқсас сұрақтар

...