Жоғары сатыдағы өсімдіктер құрамына енетін өсімдіктер, оларды жиі жапырақсабақтылар деп атайды, өйткені олардың денесі сабаққа, жапыраққа және тамырға бөлінген. Бұдан басқа оларды ұрықтылар деп те атайды, дебебі оларда ұрық болады. Ақыр аяғында оларды тамырлы өсімдіктер (мүктектестерден басқалары) деп те атайды, өйткені олардың сапрофиттерінің органдарында тамырлар мен трахеидтер болады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарихи даму барысында құрлықта тіршілік етуге бейімделді. Бұл өсімдіктерде жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтар алмасады. Гаметофит гаметалар түзейді және ұрықты қорғайды, ал спорофит споралар өндіреді, олар гаметофиттің келесі ұрпағын қамтамасыз етеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде диплоидты спорофиттер басым келеді, ол және де өсімдіктің сыртқы түрін анықтайды.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалықтармағында жоғары сатыдағы споралылар және жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктерді ажыратады. Жоғары сатыдағы споралылар үшін жыныстық және жыныссыз көбеюдің ажыратылуы тән. Бірінші жағдайда көбею спорофиттердің спорангияларында түзілетін бірклеткалы споралар арқылы жүзеге асады, екінші жағдайда-гаметофиттердің жыныс органдарында түзілетін гаметалар арқылы іске асады. Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктерге көпклеткалы түзіліс-тұқымның болуы тән, ол көбею процесі кезінде пайда болады және тұқымды өсімдіктерге споралылардың алдында маңызды эволюциялық басымдылық береді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалықтармағы бірнеше бөлімдерге жіктеледі. Соның ішінде жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер Риниофиттер (hyniophyta) және Зостерофиллофиттер бөлімдеріне жататын организмдер толықтай жойылып кеткен. Қазіргі кезде кездесетіндер Мүктектестерге (Bryophyta), Плаунтектестерге (Lycopodiophyta), Псилоттектестерге (Psilotophyta), Қырықбуынтектестерге (Eguietophyta), Папоротниктектестерге бөлінеді. Жоғары сатыдағы түқымды өсімдіктер Ашықтүқымдылар (Gymnospermae) және Жабықтұқымдылар немесе Гүлді өсімдіктер (Angiospermae немесе Magnoliophyta) бөлімдері деп жіктеледі. Ашықтұқымдылар мен Жабықтүқымдылар — тұқымды өсімдіктер, қалғандары — Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы споралылардың кейбіреулерінде барлық споралары бірдей (тең споралы өсімдіктер), ал басқаларында спораларының мөлшері әртүрлі ( әртүрлі споралы өсімдіктер) болады. Өсімдіктердің қазіргі бөлімдерінен олардың жекеленгендері ғана қарастырылады.
Мүктектестер (Bryophyta) бөлімі. Бұл бөлімге аласа бойлы, көпжылдық өсімдіктер жатады. Олардың кейбіреулерінің денесі қатпарлы, деседе көпшілігінде сабақ пен жапыраққа жіктелген. Мүктектестердің 25 000-ға жуық түрі бар. Барлық географиялық аймақтардың ылғалды жерлерін мекендеушілер болып табылады. Топыраққа ризоидтар деп аталатын түк сияқты өсінділермен бекінеді. Осы қүрылымдар арқылы олар топырақтан қорек алуды қамтамасыз етеді. Бұл типтің (бөлімнің) ең белгілілері көкек зығыры, көптүрлі маршанция, сфагнум туысының мүктері (300 түр).
Мүктердің дамуына жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының алмасуы тән. Жынысты ұрпақты өсімдіктерде әртүрлі мөлшерлі споралар түзіледі. Аналық жыныс клеткалары аталықтарымен ұрықтанғаннан кейін спорофит (споралары бар спорангиялар) дамиды, оның клеткалары диплоидты хросомалар жиынтығына ие. Мейоз нәтижесінде спорангияларда пайда болған споралар гаплоидты хромосомалр жиынтығына ие болады. Топыраққа түскен споралар өсіп шығып, өсімдіктің бастамасын, гаметофитті, береді, онда митоз жолымен көбейетін клеткаларында хромосоманың гаплоидты жиынтығы болады. Гаплоидты гаметофит даму циклінде басым келеді. Гаметофитте жаңадан жыныс клеткалары түзіледі және процесс қайталанады. Бұл өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктері сол, оларда тек гаплоидты гаметофит ғана басым болмай қоймай, сонымен қатар гаметофит (жынысты ұрпақ) және спорофит (жыныссыз ұрпақ) жеке бір өсімдік болып табылады.
Мүктектестердің табиғаттағы маңызы сол, экосистемада болып, олар көптеген басқа да өсімдіктер түрлерінің, сол сияқты жануарлардың да, мекендеу ортасына эсерін тигізеді. Мүктердің қарқынды көбеюі топырақтың жағдайын нашарлатады. Сфагнум мүктері өліп, «шымтезектенеді» және шымтезектің кенін түзейді. Кейбір түрлері медицина өнеркәсібінде пайдаланылады.
Бұл топтың өсімдіктері ең алғашқы құрлық өсімдіктерінің бірі болган және 450-500 млн жыл бұрын кең тарап өсіп-өнген және олардың эволюциясы спорофиттің регрессивті дамуында болган деп жорамалдайды. Мүктектестер эволюцияның тұйық бұтағы болған деп саналады. Папоротниктектестер (Palypodiophyta) бөлімі. Бұл бөлім шегінде дымқыл жерлерде өсетін шөптесін өсімдіктер жатады. Папоротниктектестердің кейбіреулері, тропикада өсетіндер, агашта өсетіндер, олардың кейбіреулерінің биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бұл өсімдіктердің 10 000-н аса түрі белгілі. Папоротниктектестердің нагыз өкілдері папоротниктер болып табылады.
Папоротниктектестер үшін жынысты жэне жыныссыз ұрпақтардың алмасуы тән, бірақ та мүктектестерден айырмашылығы, бұл бөлімге жататын организмдерге, басым көпшілігі спорофит, диплоидтық тән. Спорофитте негізгі органдар — сабақ, жапырақ, тамыр болады. Керісінше, гаметофит өте кішкентай, үлкен емес, тақтайша сияқты, болуымен сипатталады, ол топыраққа ризоидтар көмегімен бекиді.
Папоротниктектестер үшін дамудың күрделі циклі тән. Цикл гаметофиттің (өскіннің) изоспораларының дамуымен басталады, онда антеридиялар мен архегониялар түрінде жыныс органдары қалыптасады. Соңғыларында жыныс клеткалары дамиды. Олар ұрықтанғаннан соң зиготадан спорофит пайда болады, онда споралар түзіледі, олар гаметофиттің бастамасын береді. Папоротниктектестердің көпшілігі әртүрлі споралы өсімдіктер болып табылады.
Папоротниктектестердің табиғаттағы маңызы өте үлкен, өйткені олар көптеген экожүйелердің құрамына кіреді. Егер жекеленген өсімдіктер түрлерінің дәрілік шикізат болатынын ескермесек, қазіргі папоротниктектестердің шаруашылық маңызы үлкен емес. Папоротниктектестер 7 бөлімге жіктеледі, олардың көпшілігі жойылып кеткен. Папоротниктектестер ең көне споралы өсімдіктер болып табылады. Олар девонда болган, ал карбонда биіктігі 30 метрге жететін орман өсімдіктерін құраған. Бұл өсімдіктердің қалдықтары таскөмір түзілуіне қатысқан.
Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) бөлімі. Бұл бөлімнің өсімдіктері тұқым береді, ол дегеніміз, шын мәнінде, болашақ өсімдіктердің ұрығы болып саналады. Тұқымның негізгі органдары ұрықтық тамыр, ұрықтық сабақша, ұрықтық жапырақшалар болып табылады. Десе де ашықтұқымдыларда тұқым жеміс жапырақшаларымен жабылмаған. Осыған орай оларды ашықтұқымдылар деп атайды. Ашықтұқымдыларға ағаштар, бұталар және лианалар жатады. Түрлердің саны 700-ге жуық. Барлық Жер шарына таралған. Солтүстік жарты шарда өте үлкен алқапты алып жатады, қылқан жапырақты ормандарды құрайды.
Ашықтұқымдылардың көпшілікке белгілі өкілдері қарағай, самырсын, шырша, балқарағай болып саналады. Бұл бөлімнің өсімдіктерінің бағанасы мен тамырының ұлпалары камбий, ксилема, флоэма болып табылады. Көпшіліктерінің жапырақтары — «инелер». Ашықтұқымдылар үшін ұрпақтардың кезектесуі тән, ол гаплоидты және диплоидты күйдің алмасуымен байланысты, бірақта олардың гаметофиттінің кішіреюі айдан анық. Арша, саговник, боз арша (туя), шырша, қарағай, балқарағай — спорофиттер. Барлық тұқымды өсімдіктер сияқты, ашықтұқымдыларда әртүрлі споралылар болып табылады. Көбею мүшелері аналық және аталық бүршіктер, олар гаметофит болатын бір ағаштың өзінде қалыптасады.
Тұқымның пайда болуы — спорофиттің дамуындағы бірінші кезең. Аналық бүршіктер ірі қабыршақтардан құрылған, оларды мегаспорофиллалар деп атайды, олардың әрқайсысының ішкі жағында екіден мегаспорангия орналасады, ал әрбір мегаспорангия өз кезегінде мегаспораға ие, одан көпклеткалы гаметофит дамиды, онда екі немесе үш архегония болады. Әрбір архегония жалғыз ірі жұмыртқа клеткасынан және бірнеше ұзарған кіші клеткалардан тұрады. Мегаспорангия интегумент деп аталатын құрылыммен жабылған. Мегаспорангияны интегументпен қоса ұрық бастамасы (семязачаток) деп атайды.
Аталық бүршіктердің ішкі жағындағы олардың қабыршақтарында (микроспорофиллдерде) екіден микроспорангия болады, онда микроспоралар орналасқан, олардың эрқайсысы гаплоидты тозаңға дамиды. Тозаңдық түйіршектер (дэндер) аталық гаметофитті құрайды. Мегаспорофиллдер мен микроспорофиллдер қысқа споратүзуші жас өркенде мега- және микростробиллдерге (сәйкесінше) жинақталған, ол споротүзуші жапырақшалары бар сабақшаны түзейді.
Тозаңдар аналық бүршіктерге түскенде, ол ұрық бастамасына өтеді, ал эрбір тозаңдық түйіршіктен аталық түтікше мен екі сперма ядросы дамиды, ал аталық түтікше аналық клеткаға өткенде сперма ядросының аналық клетканың ядросымен қосылу жүреді. Бұл дегеніміз ұрықтану. Диплоидты зигота диплоидты ұрыққа айналады. Уақыт өте ұрық бастамасының сыртқы интегументі тұқым қабықшасына айналады, ал мегаспорангия қалдықтарынан эндосперм түзіледі. Осылайша, ұрық бастамасы тұқымға айналады. Тұқым пісіп-жетілгеннен кейін бүршіктен сыртқа түседі.
Толығырақ: http://ikaz.kz/zho-ary-satyda-y-simdikter/